«Западный» кітапхана-филиалында «Тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Мемлекеттік тіл саясаты» кітабы елдегі тіл саясатын реттеуге арналған құжаттарды қамтиды, Ә. Бәкірдің «Тіл тұғыры» жинағында мемлекеттік тілдің саяси құқықтық және әлеуметтік мәселелерін сарапқа салып, оның қолдану аясын кеңейту туралы соңғы жылдардағы мақалалар, пікірлер, ұсыныстар топтастырылған.
Сонымен қатар, оқырмандар назарына Ұ. Байсақалованың «Қазақ тілі», Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» Е. Тілешовтың «Қазақша үйренейік» оқу құралы, Ө. Айтбайұлының «Тілтірек» кітаптары және «Мәдениет» журналынан «Қазақ тілі қайтсе көркейеді», «Ана тілі халық мұраты» ұсынылды.
Құрметті оқырмандар, баршаңызды көрменің материалдарымен танысуға шақырамыз!