«Западный» кітапхана-филиалында оқырмандарға кітапхана қорынан «Тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Мемлекеттік тіл саясаты» кітабы елдегі тіл саясатын реттеуге арналған құжаттарды қамтиды, Ә. Бәкірдің «Тіл тұғыры» жинағында мемлекеттік тілдің саяси құқықтық және әлеуметтік мәселелерін сарапқа салып, оның қолдану аясын кеңейту туралы соңғы жылдардағы мақалалар, пікірлер, ұсыныстар топтастырылған. Сонымен қатар, оқырмандар назарына Н. Домбайдың «Ұлт жаны», З. Күзекованың «Қазақша сөйлейміз», Р.Сыздықова «Тіл және ұлттық мәдениет», Е. Тілешовтың «Қазақша үйренейік» оқу құралы кітаптары және «Парасат» журналынан «Мемлекеттік тіл-ұлттық идеология», «Ана тілі халық мұраты» ұсынылды. Баршаңызды көрменің материалдарымен танысуға шақырамыз!