2025 жылдың 4 қыркүйегінде «Строительный» кітапхана-филиалында «Тілдер бірлігі – Қазақстан халқы бірлігінің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға №15 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.
Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды. «Қазақ тілі – менің тілім» презентациясы барша Қазақстан азаматтарының достығы мен бірлігінің белгісі болып табылатын Тіл күнін мерекелеудің тарихын ашып берді. Кітапханашы мемлекеттік тілдің өскелең ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті. Балалар өз ана тіліне, өз еліне құрмет көрсету, түрлі ұлттардың тілдері мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту туралы өз пікірлерін білдірді. Қазақ тілі туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді. «Полиглот» сайысында олар сөйлемдерге түсіп қалған сөздерді кірістіріп, карточкалармен жұмыс жасады.
«Тіл – ұлттың жаны» кітап көрмесінде егемен Қазақстанның тіл саясаты, мәдениеті, тіл білімінің тарихы, мемлекеттік тіл туралы әдебиеттер ұсынылды.
Тілдер бірлігі – Қазақстан халқы бірлігінің негізі
