Тілді жаңарту – сананы жаңарту

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру» арнайы жобасы аясында «Тілді жаңарту – сананы жаңарту» атты пікірталас өткізілді.
Іс-шараға екі команда қатысты. Пікірталасқа қатысушылар қазақ тілінің қазіргі жағдайы, оны жаңарту жолдары, сондай-ақ тілдің ұлттық санамен байланысы мәселелері бойынша пікір алмасты.
Төрешілер алқасы дәлелдердің негізділігі, сөйлеу мәдениеті және пайымдау логикасы бойынша қатысушылардың сөйлеген сөздерін бағалады, содан кейін командалар грамоталармен марапатталды.
Іс-шара соңында оқырмандар назарына «Тіл – бірліктің тірегі» атты кітап көрмесі ұсынылды.