Тиын теңгені үнемдейді

Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылдың қарашасында мемлекетіміз өзінің ұлттық валютасы – теңгені енгізді. 15 қараша – Ұлттық валюта күні.
Осы күнге орай «Қонай» кітапхана-филиалында «Тиын теңгені үнемдейді» ауызша журналы өткізілді. Кітапханашы теңгенің тарихы, валютаның енгізілуі, номиналдары туралы айтып берді. Банк терминдерімен таныстырды. Теңге тарихы туралы, түрлі айтулы және атаулы күндерге шығарылған түрлі монеталар туралы кітаптарды, «Детям о финансах» сериясынан брошюраларды және мерзімді баспасөз беттерінен И. Степанованың «Монетная история», А. Алдабергеннің «Қазақстандық монеталар», В. Ивженконың «Эта монета мне особенно дорога» мақалаларын ұсынды.