Толық мәтіндік деректер базасы

Толық мәтіндік деректер базасы

Ақпараттық технологиялар ғасырында «Яндекс», «Гугл» және интернеттің белгілі ақпараттық-іздеу жүйелерінен басқа, пайдаланушылар толық мәтіндік дерекқорларға жиі жүгінеді. ОКЖ сайтында келесі толық мәтінді ресурстарды пайдалануға болады: «Өлкетану», «Біз туралы жазады».

«Өлкетану» ДБ – қостанайлықтар немесе Қостанай туралы жазған орталық баспасөз журналдары мен газеттеріндегі мақалалардың библиографиялық жазбалары мен толық цифрланған мәтіндерін қамтиды. 2018 жылдан осы уақытқа дейінгі жазбалар бар. Онда мәдениет, дін, тарих мәселелері бойынша Қостанай туралы ақпарат, жерлестерімізге, жазушыларымызға, ақындарымызға, қоғам қайраткерлеріне және т.б. арналған материалдар ұсынылған. ДБ барлығы – 1795 PDF  форматындағы цифрланған мақалаларды, оның ішінде мемлекеттік тілде 643 құрайды.

«Өлкетану» дерекқоры ыңғайлы, себебі сізге тікелей бастапқы дереккөзге (газетке  немесе журналға) жүгінудің қажеті жоқ. Сіз қашықтықтан қол жеткізе отырып, Сізді қызықтыратын мақаланы таба аласыз, оны оқи аласыз немесе көшіре аласыз. Кітапханалардың электрондық ресурстарын пайдалану арқылы сіз уақыт пен күш-жігерді үнемдейсіз, кітапханаларда және интернетте сақталған толық ақпарат аласыз.