«Туған өлкем Қостанай»

«Южный» кітапхана-филиалында Қостанай облысының айтулы оқиғалары туралы баяндайтын басылымдар ұсынылған «Туған өлкем Қостанай» атты тұрақты жұмыс істейтін кітап көрмесі рәсімделді. Оқырмандар назарына қала мен облыстың қалыптасу тарихы туралы кітаптар, естелік орындар мен Қостанай көшелері бойынша экскурсиялық маршруттар сериясынан фотоальбомдар ұсынылды.
Көрменің келесі бөлімінде жерлестеріміз, 2025 жылғы мерейтой иегерлері – қазақ ғалымы, тарихшы, этнограф Шоқан Уәлиханов пен ақын, жазушы, журналист Мыржақып Дулатовтың шығармашылық жолы туралы әдебиеттер жинақталған. Оқырмандар үшін олардың өмірі туралы шығармалар ерекше қызығушылық тудырады: Сәбит Мұқановтың «Промелькнувший метеор», Иван Дьячковтың «Славные патриоты моей Родины».
Қостанай өлкесінің танымал авторлары – Александра Суслова, Татьяна Кайгородцева, Анатолий Корниенко, Надежда Антуфьева және басқалардың кітаптары оқырмандардың қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Кітап көрмесіндегі басылымдардың алуан түрлілігі Қостанайдың тарихы, өмірі мен тағдыры қаламен байланысты көрнекті жерлестеріміз туралы баяндайды. Барлығын осы және көрмеде ұсынылған басқа да басылымдармен танысуға шақырамыз.