Чапаев негізгі орта мектебінің 6 сынып оқушылары үшін «Қонай» кітапхана-филиалында «Туған өлкенің тарихы» ақпараттық дайджесті өткізілді. Кітапханашы облыстың білім беру тарихы, оның дамуы мен жетістіктері туралы айтып берді. Облыс орталығының көрікті жерлері туралы. Сондай-ақ, Қостанай облысының киелі және естелік орындары, өлкенің атақты адамдары туралы айтып берді.
Іс-шара соңында Қостанай облысы, облыс орталығы, энциклопедиялар, өлкетану бойынша хрестоматия, туған өлкенің өткені мен бүгіні туралы баяндайтын кітаптар ұсынылған «Менің туған өлкем» кітап көрмесіне шолу жасалды.
