Туған жердің фотосуреттері

«Строительный» кітапхана-филиалында «Туған жерге саяхат…» офлайн жобасы аясында балалар мен отбасылық фотограф Рабига Сейткенованың қатысуымен фото-сушка өткізілді. Балалар фотоаппараттың тарихы, фотосуреттердің алғашқы басып шығарылуы және жаңа, заманауи цифрлық құрылғылардың жұмысы туралы білді. Тақырыптық жұмбақтарды шешті, реквизиттері бар көңілді костюмді фотосессияға белсенді қатысты. «Қараңғы бөлмеде жарық түсірілу арқылы сурет салу» шеберлік сабағы балаларды шығармашылықтың жаңа түрімен таң қалдырды. Қостанайға арналған сурет түсіруші Рабиғаның фото жұмыстары қаралды. «Туған қалаға – 145» сурет көрмесінде балалардың суреттері орналасқан. Оқу залында ұсынылған фото-сушкаға қаланың сүйікті бұрыштарында түсірілген оқушылардың суреттері ілінді. Экспозицияны қостанайлық авторлардың шығармалар жинағы мен көрнекі материалдар – буклеттер, бетбелгілер, визиткалар толықтырды.
Дәстүр бойынша жобаның қорытынды іс-шарасы шашу рәсімімен аяқталды. Кездесу нәтижесінде балалар өлкетану тақырыбы бойынша өздерінің білім қоржынын толықтырды.