Уақыт пен кеңістік арқылы Пушкинге

2024 жылғы 6 маусымда Қостанай қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтары үшін орыс әдебиетінің классигі А. С. Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына орай «Уақыт пен кеңістік арқылы Пушкинге» атты әдеби мерекесін ұйымдастырды. Мереке Н. Островский ат. орталық қалалық кітапханадан А. Пушкин ескерткішіне салтанатты шеруден басталды.
Қонақтар қостанайлық ақын мен жазушы Ақылбек Шаяхмет, Пушкин поэзиясын сүйетіндер Татьяна Михайловна Королёва, Надежда Петровна Волосян құттықтау сөз сөйледі, іс-шара барысында ақынның өлеңдері оқылды, А. С. Пушкиннің ертегілері сахналанды.
«Евгений Онегин» көркем шығармасынан монологты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университетінің актерлік бөлімінің студенттері – Хлевной Дмитрий, Черкасский Дамир оқыды. Бульварда «зайырлы ханымдар» серуендеп жүрді. Ұлы ақынның шығармашылығынан шабыттанған жас суретшілер өз жұмыстарында Пушкин шығармашылығының жан-жақты табиғатын, оның романтикасы мен биіктігін бейнелеген.
Мереке барысында «Мирас» МҮ шығармашылық ұжымдары, «Индиго» хореографиялық студиясы, «Жұлдыз» вокалдық-домбыра студиясы өз өнерлерімен қуантты. Мерекеге қатысқандардың барлығы Пушкинді қайта ашып, оның лирикасының керемет әлеміне ене алды.