Бүгін, 16 қыркүйекте, Н. Островский ат. ОҚК Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына 110 жыл толуына орай «Уақыт сақтаушылары» атты тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шара «Менің Қостанайым» жобасы аясында ұйымдастырылды. Кітапханашы «музейлік мамандықтар», музейдің облысымыздың мәдени өміріндегі алатын орны туралы айтып өтті.
Шара қонақтары, мұражай ғылыми қызметкері Алина Викторовна Колбина, қорларды есепке алу және сақтау бөлімінің меңгерушісі Әзірханова Дәмелі Тюлегеновна және экскурсия жетекшісі Хасанова Регина Даниловна Мұражай қызметі, ғылыми жобалары, экспонаттары мен көрмелері, шетелдік музейлермен ынтымақтастығы, мұражай өткізетін іс-шаралар туралы әңгімелеп, кітапханашы мен іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, кітапханаға музейден шыққан ғылыми еңбектерді сыйға тартты.
Іс-шара тұсаукесер мен «Музейге 110 жыл» бейнеролигімен сүйемелденді. Соңында экскурсия жетекшісі Хасанова Регина Даниловна «Менің Қостанайым» көшпелі көрмесіне шолу жасады
Уақыт сақтаушылары
