Вальс ырғағындағы өмір

«Дружба» кітапхана-филиалында қазақстандық композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Вальс ырғағындағы өмір» тақырыптық сөресі рәсімделді. Онда «Культура Казахстана», «Исторические личности» энциклопедияларының өмірбаяндық материалдары, Ш. Күмісбаевтың «Тұңғыштар», О. Бодыковтың «Шәмші Қалдаяқов: хикаяттар» кітаптары, «Композиторы Казахстана» жинағы, Қалдаяқовтың музыкалық шығармаларының ноталары, сондай-ақ мерзімдік басылымдардан мақалалар, мысалы, «Казахстанская правда» газетінде жарияланған Р. Өтеулинаның «Впервые прозвучали песни Шамши, посвященные Кокшетау» мақаласы.