Заң біздің тарапымызда

«Южный» кітапхана-филиалында М. Хакімжанова атындағы №20 орта мектептің 8 сынып оқушылары үшін «Заң біздің тарапымызда» атты құқықтық ойын өткізілді. Іс-шараға Қостанай қаласының Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Атанатев Айдос Қанатұлы қатысты. Ол балаларға қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатынын және қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатынын түсіндірді. Әңгіме инспектордың кәсіби қызметінен нақты мысалдар мен фактілерге негізделді.
Іс-шара барысында балалар «Қызықтыру», «Мен азаматпын», «Менің құқығым бар», «Әдеби заңгер» құқықтық ойынының турларына белсене қатысты. Соңында «Білуге құқығым бар» тақырыптық сөре ұсынылды.