Заманауи Қостанай

2024 жылы 19 шілде күні Н. Островский ат. ОҚК «Менің Қостанайым» жобасы  аясында қаланың 145 жылдығына арналған жобаны қорытындылайтын  «Заманауи Қостанай» атты репортаж іс-шарасын өткізді. Көрермендердің назарына заманауи қаланың  көрікті жерлерін баяндайтын фотосуреттердің көрмесі ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар белгілі бір объектімен байланысты қызықты оқиғаларды айтып, Қостанай туралы өз әсерлерімен бөлісті, оның болашақта қандай болатыны туралы әңгімеледі. Сондай-ақ  қостанайлықтар мен қала қонақтарынан көшеде алынған сауалнамасынан  бейнебаян көрсетілді.