«Киевский» кітапхана-филиалында № 9 НОМ 7 сынып оқушыларына қостанайлық ақын-ағартушы Нұржан Наушабаевтың 170 жылдығына арналған «Заманнан туған талант» әдеби сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды Н. Наушабаевтың өмірбаянымен және шығармашылық мұрасымен таныстырып, оның классикалық ақын және ағартушы ретіндегі рөлін ашты. Сондай-ақ балаларға Нұржан Наушабаевтың тамаша импровизатор болғанын, ол халықтың мәдени кодын сақтай отырып, қазақ мақал-мәтелдерін, шежіресін жинаумен айналысқанын еске салды. Қатысушылар оның шығармаларынан үзінділерді дауыстап оқыды.
Соңында «Дәуірлердің айнасы, халықтың жыршысы» тақырыптық сөресіне шолу жасалды.
Заманнан туған талант