Жүрегі ыстық, патриоттық ақын

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында көрнекті қазақ ақыны, Отанын жан-тәнімен сүйген патриот қаламгер Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Жүрегі ыстық, патриоттық ақын» атты танысу кеші өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Жұбан Молдағалиевтің өмірбаяны мен шығармашылық жолына шолу жасап, оның поэзиясындағы патриоттық рух, ерлік пен елдік туралы идеяларды кеңінен талқылады. «Мен – қазақпын!» поэмасынан үзінділер оқылып, оқушылар мен қатысушылар жүрек тебірентер шумақтарға өз әсерлерін білдірді. Сонымен қатар, ақынның Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі мен оның майдандық лирикасы туралы айтылып, арнаулы слайд көрсетілімі ұсынылды. Оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, ақын шығармашылығына арналған шағын әдеби композиция орындады.
Шара соңында «Қазақтың Жұбаны» атты кітап көрмесі ұсынылды.