Жүрек сыры

2024 жылғы 15 қазанда Н. Островский ат. ОҚК Рухани келісім күні қарсаңында «Жүрек сыры» атты тейбл-ток өтті. Іс-шараны қостанайлық әнші К. Сыздықов «Отан» әнімен ашты. Дөңгелек үстел барысында медицина колледжінің студенттері ұлттық және рухани келісімнің өзектілігі мәселелерін талқылады. А. Әлімбаева мен Д. Горнеева Қазақстан туралы өлеңдер оқыды.
Тейбл-токтың соңында студенттер неміс суретшісі Хельмут Лангердің эмблемасын негізге ала отырып, толеранттылық гүлін жасады.