2025 жылдың 25 қыркүйегінде «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Жүректен жүрекке» арт-терапиясын өткізді. Іс-шараға «Қостанай қаласының әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ тәрбиеленушілері қатысты.
Кітапханашы балалар әдебиетінің жаңалықтары туралы айтып берді. Іс-шараға қатысушылар Шарль Перроның ертегісі негізінде мультфильм көріп, кейіпкерлерді бояды. Жұмыстардың көрмесі түрлі-түсті болды.
Балалар ритмикалық жаттығуда белсенділік танытып, караокеде ән шырқады. Барлығы қарым-қатынастан жағымды эмоциялар ала отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Жүректен жүрекке
