«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 6 жалпы білім беретін мектептегі 3 сынып оқушыларына «Жақсы кітап – ұлы мереке» викторинасын өткізді.
Балалар ертегі еліне саяхат жасады, жұмбақтар шешті, мақал-мәтелдерді еске алды, сондай-ақ «Шығарманы тап» әдеби ойынына қатысты. Олар ертегілердің атаулары мен есімдерді бірінші сөзбен қуана-қуана тауып, белгілі авторлар Ы. Алтынсарин, Н. Мұқатов, С. Оспанов, А. Барто, К. Чуковский, С. Михалков және т. б. өлеңдерінің жолдарын жалғастырды.
Оқушылардың назарына «Кітаптар – білім әлеміне көпір» тақырыптық сөресі ұсынылды.
Жақсы кітап – ұлы мереке
