2025 жылғы 20 ақпанда «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Туған жеріңді саяхаттап»… жобасы аясында «Жақсылық жасауға асығыңыз» атты ерікті десантын өткізді. Шараға Б. Момышұлы атындағы № 5 мектептің 9 «а» сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара «Айболит» ветеринарлық клиникасында өтті, онда үй жануарлары емделеді. Кітапханашылар жануарларға арналған баспаналардың құрылу тарихы туралы қызықты деректерді айтып, жануарлар туралы В. Чаплинаның «Питомцы зоопарка», Г. Троепольскийдің «Белый Бим Черное Ухо» тақырыбындағы кітаптарын ұсынды. Бұл жануарларға деген мейірімділік туралы шығармалар. Қостанай қаласындағы «Надежда плюс KST» қоғамдық бірлестігі туралы әңгіме қозғалды, оның еріктілер қызметі тастанды мысықтар мен иттерге көмектеседі. Емхана маманы Елена Утятникова мен ветеринарлар мазмұнды экскурсия өткізді. Балаларды жануарлар стационарлық емдеуде жатқан торларға алып барды. Медициналық жабдықтар, құрал-саймандар, хирургия залы, рентген көрсетті.
Соңында жобаға қатысушылар мен кітапханашылар клиникаға құрғақ азық, лотоктарға арналған толтырғыш, арнайы ойыншықтар тарту етті. Қатысушыларға «Табаныңды бер, досым!» буклеті таратылды.
Балалар емханаға барып, жануарларға көмектесіп, оларды қиындықта қалдырмауға ниет білдірді!
Жақсылық жасауға асығыңыз
