Н. Островский ат. ОҚК-да «Жаңа ғасырға – дені сау ұрпақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, еңбек және демалыс режимі, емдік дене шынықтыру, адам гигиенасы мен экологиясы туралы әдебиеттер ұсынылған.
Ә. Сәғымбаевтың «Валеология» оқу құралы – адам денсаулығын зерттейтін валеология саласындағы іргелі зерттеу. Автор салауатты өмір салтының негізгі аспектілерін, соның ішінде физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқатты талдайды. Дәрігер-диетолог Н. Бражко жазған «Правильное голодание от профессионального диетолога» кітабы емдік оразаға арналған нұсқаулық болып табылады. В. Васичкиннің «Большой справочник по массажу» ауруларға арналған массажды қолданудың маңызды тақырыптарын қарастырады.
Көрмеге қойылған кітаптар денсаулықты бағалауды, сақтауды және нығайтуды үйренуге көмектеседі.
Жаңа ғасырға – дені сау ұрпақ