Н. Островский ат. ОҚК «Жаңа ғасырға – салтанатты ұрпақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, еңбек және демалыс уақыты, емдік дене шынықтыру, адамның гигиенасы мен экологиясы туралы баяндайтын әдебиеттер ұсынылған.
«Жасару құпиясы» кітап-күнделікте адам баласының аурмай ұзак ғұмыр кешуі мен жаңару әдістерін қамтитын салауатты өмірсырлары теориялық және практикалық жақтарынан баяндалады.
Адам денсаулығы дегеніміз не, ол неге байланысты және адам өз денсаулығын сақтау үшін не істей алады деген сауалдардың жауабын «Денсаулық энциклопедиясы» оқулығынан табуға болады.
Доктор Уиллет «Салауатты тамақтану химиясы» кітабында көптеген оқырмандарға созылмалы аурулардың алдын алуға көмектесетін мәзір үлгілері мен соңғы рецепттерді ұсынады.
Көрмеге қойылған кітаптар денсаулықты бағалауды, сақтауды және нығайтуды үйренуге көмектеседі.
Жаңа ғасырға – салтанатты ұрпақ
