Жануарлар әлемі

«Дорожный» кітапхана-филиалында «Ғажайып бөлме» үйірмесінің қатысушыларына арналған «Жануарлар әлемі» танымдық сабағы өткізілді.
Кітапханашы балаларды жануарлардың түрлерімен таныстырып, ерекшеліктері жайлы айтып өтті. Балалар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздері ұнататын жануарлардың суреттерін салды.
Үйірме қатысушыларына Р. Сәтімбеков, Р. Әлімқұлова «Жануарлар әлемі», «Қазақстандағы жануарлар әлемі», «Жануарлар», «Жануарлар туралы үлкен энциклопедия» және т.б. кітаптар ұсынылды.