Жануарлар туралы қызықты мәліметтер

19 маусым күні «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Западный» кітапхана-филиалында «Жануарлар туралы қызықты мәліметтер» тақырыбында танымдық сағат өтті.
Іс-шара барысында балалар әлемінің алуан түрлі жануарлармен танысып, жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар туралы ақпаратты естіді. Қатысушылар тек тыңдап қана қоймай, өздері диалогқа кіріп, кітаптарда оқылған немесе теледидардан көрген қызықты мәліметтер туралы әңгімелесті.
Іс-шара соңында кітапханашы табиғатты және барлық тіршілікті қорғаудың маңыздылығын тағы да еске салды.