«Ғафу Қайырбеков ат. № 9 жалпы білім беретін мектеп» КММ 5 «Б» сынып оқушылары үшін «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Жанып тұрған жұлдыз – ғалым Шоқан Уәлиханов» әдеби визиткасын ұйымдастырды.
Іс-шараға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Әсем Рахимқызы, «Ғафу Қайырбеков ат. № 9 жалпы білім беретін мектеп» КММ кітапханашысы Бексұлтанова Рсалды Қасымханова қатысты.
Өз сөзінде олар жас ұрпақ арасында Ұлы ғалым мұрасын насихаттау жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуде, халықтың тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне құрмет көрсетуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ ғалымының өмірі мен қызметі туралы ақпаратты тыңдады. Оқушылар Шоқан Уәлихановқа арналған өлеңдер оқып, өмір туралы сұрақтарға жауап берді
С.Бегалиннің «Бала Шоқан» шығармасынан үзінді бойынша сахнаны көрсетті, математикалық ойындар ойнады және ойындарға қатысқаны үшін тәтті сыйлықтар алды.
Іс-шара соңында «Шоқан – жарқын жұлдыз! Шоқан – халқымыздың мақтанышы» кітап көрмесімен танысты.
Жанып тұрған жұлдыз – ғалым Шоқан Уәлиханов
