2024 жылдың 11 маусымында №28 мектеп-гимназиясының «Жас шекарашы» ҚПК мүшелерінің қатысуымен С. Баймағамбетов және интернационалист-жауынгерлер көшелерінің қиылысына шекаралық белгілері бар ескерткіш тасты абаттандыру бойынша экодесант өткізілді.
Аталған іс-шараға Қостанай облысы бойынша «Застава Тарландары» шекара ардагерлері кеңесінің төрағасы запастағы майоры Молдағалиев Қасымқан Рамазанұлы, Ауғанстандағы ДБ ардагері Виктор Иванович Пимичев, «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ОКЖ» ММ «Северный» к/ф меңгерушісі Р. М. Тасмағанбетова қатысты.
Балалар ескерткіш тасты, КСРО мен ҚР шекара бағаналарын ретке келтіріп, мемориалдың периметрі бойынша гүлдер отырғызды. «Мен өзім Шекара әскерлерінің ардагері болғандықтан, балалардың бұл іске қалай енгенін, нағыз патриот ретінде әрекет еткенін көру үлкен қуаныш сыйлады», – деп өз ойымен бөлісті Шекара қызметінің ардагері, Ауғанстандағы ДБ қатысушысы, әскери хирург Пимичев Виктор Иванович.