Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттеріне «Жастар және оқу – ең жақсы шешім» экскурсиясын өткізді.
Кітапханашылар кітапхананың тарихымен, жұмыс тәртібімен, қызметтерімен және кітапхана қорымен таныстырды. Алфавиттік және жүйелі каталогтармен жұмысты көрсетті. Кітапханада өткізілетін бұқаралық іс-шаралар, жастармен жұмыс туралы айтылды. Студенттер кітап көрмелері, Қостанай қаласының танымал адамдарымен кездесулер туралы білуге қызығушылық танытты.
Жастар мен оқу – ең жақсы шешім
