Жазғы веранда

20 маусымда «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері жас оқырмандар үшін «Жазғы веранда» атты оқулар дайындады.
Балаларды жаздың басталуымен құттықтап, жаңа балалар кітаптарды ұсынды. Кітапханашы кітаптардың кейіпкерлерімен таныстырды, балаларға «Щелкунчик және тышқан патшасы» ертегісінен үзінді оқыды.
Балалар сергектік пен жақсы көңіл-күйге ие болды. Ертегілердің күлкілі кейіпкерлері балалардың күлімсіреп, көңіл-күйін көтерді. Кітапханашылар балаларды ертегілермен таныстырды, көркем әдебиетке деген қызығушылықты дамытты.