Жазушы-натуралистерден балаларға

«Южный» кітапхана-филиалында «Друзья природы» экологиялық үйірмесінің балаларына арналған «Жазушы-натуралистерден балаларға» атты дауыстап оқу өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Виталий Бианки, Николай Сладков, Михаил Пришвиннің өмірі мен шығармашылықтарымен танысты. Бұл авторлардың табиғат туралы әңгімелерін кітапханашы мен балалар оқыды. Кейін балалар оқығандары туралы ойымен бөлісті, қоршаған әлемге қарап, ойлануды үйренді. Жазушы-натуралистердің шығармалары балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке бөледі.