Жеңіс символы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Фантазия» клубының қатысушыларына Жеңіс күніне арналған, «Жеңіс символы» суретін салу және эмблема жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Бұл сабақта қатысушылар Ұлы Отан соғысының тарихы, Ұлы Жеңіс күні туралы мағлұмат алды және түрлі-түсті қарындаш, қағаз және киіздің көмегімен Жеңіс күнінің гүлдері мен эмблема сурет салып, жасады.