«Қонай» кітапхана-филиалында «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандардың назарына 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларынан бастап тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына дейінгі қайғылы оқиғалар және желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдар, мемлекеттің экономикалық, саяси және әлеуметтік даму жолдары және Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы маңызы туралы кітаптар ұсынылды. Бұл «Желтоқсан көтерілісі» көп томдығы, Б.Төлепберген «Ұлттық идея – Тәуелсіздік тұғыры», «Қасиеттім – желтоқсан», «Қапаста жазылған хаттар» өлеңдер жинағы және басқалар. Сонымен қатар, мерзімді баспасөз мақалалары: К. Жолдыбай «Независимость: этапы становления», Е. Турбилова «Наша независимость прежде всего», А. Мырзахан «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз», Ж. Байралы «Егемендік – асыл қазына, баба сыйы!».
Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі