Жеміс-жидектер

«Дорожный» кітапхана-филиалында «Ғажайып бөлме» үйірмесінің қатысушылары үшін «Жеміс-жидектер» тақырыбында тәрбие сағаты өткізіліді.
Кітапханашы балалармен дәрумендер туралы әңгімелесті, олардың қайсысын күнделікті тамақтан алатындығын сұрады және жемістер мен көкөністер үнемі тұтынылатын кезде денсаулыққа қажетті дәрумендердің құнды көзі екенін түсіндірді.
Сабақ барысында балалар жемістер туралы танымдық бейнероликтерді көрді, содан кейін алма, алмұрт, шие, қарбыз, жүзім және басқа да жемістердің суреттерін өз қалаулары бойынша бояды.