Жол ережесін – әркім білуі керек!

Жазғы демалыста жол қаупі артады. Балаларды жол-көлік оқиғаларынан қорғау мақсатында «Қонай» кітапхана-филиалының жазғы мектеп алаңында балаларға арналған «Жол ережесін – әркім білуі керек!» атты ойын кітапханасы өтті. Балаларға жол ережесін сақтау, велосипедпен жүргенде абай болу, көшеден өткенде абай болу керектігі айтылып, жол белгілері көрсетілді.