21 мамырда «Северный» кітапхана-филиалының кітапханашысы «Үндестік» жекеменшік мектебінің 2–3 сынып оқушыларына арналған «Жолдағы қауіпсіздік» іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында балаларға жол қозғалысы ережелері бойынша бейнеролик көрсетілді. Оқушылар өз әсерлерімен бөлісті және жолдағы қауіпсіздік ережелерін жақсы білді.
Балалар екі командаға бөлінді – «Бағдаршам» және «Қызыл түс». Олар сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешті. Балалар белсенділік танытып, барлық сұрақтарға нақты жауаптар берді. Әрі қарай, әр қатысушы жолдағы қауіпсіздік тақырыбына сурет салып, оны түсіндірді.
Соңында екі команда да кітапханадан мақтау қағаздарын алды.
Жолдағы қауіпсіздік
