«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Ақниет» үйірмесінің қатысушыларына «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты тәрбие сағатын өткізді.
Кітапханашы балаларға жол қозғалысы ережелерінің қалай пайда болғанын, алғашқы бағдаршамның қашан және қай жерде пайда болғанын, бағдаршамның үш түсі нені білдіретінін, жол ережесін білу мен сақтаудың қаншалықты маңызды екенін айтып берді.
Сонымен қатар, Қ.Сәттібайұлының «Елгезек бағдаршам, тоқ-қуат және басқалар» және Андрей Усачевтің «Правила дорожного движения» кітаптарымен таныстырды. «Көшелер мен жолдар заңдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған жол қозғалысы ережелері бойынша жарқын суреттелген кітаптар, брошюралар мен буклеттер ұсынылды.
Жолда жүру ережесін сақтайық
