Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері оқырмандар үшін «Жолдау жолдарымен» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 9 қыркүйектегі ««Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған мерзімді басылымдар ұсынылды.
Г. Андреев 2025 жылдың қыркүйек айындағы «Мысль» журналында жарияланған «Реформы для стабильного развития и безопасности» мақаласында Президенттің елдің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алға қойған мақсаттары мен міндеттері атап өтілді.
Е. Қошановтың 2025 жылғы 9 қыркүйектегі «Литер» газетінде жарияланған «Цифровизация – новый драйвер развития страны» атты мақаласында Жолдау әділ, гүлденген, қауіпсіз және таза Қазақстанды құру жолындағы маңызды жаңа қадам екендігі атап өтілді.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді көрме материалдарымен танысуға шақырамыз.
Жолдау жолдарымен