20 наурызда «Ұлттық спорт күні», № 20 орта мектептің 6 сынып оқушыларымен «Южный» кітапхана-филиалында «Жыл басы – Наурыз мерекесі» атты мерекелік іс-шара өтті. Дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында оқушылар ұлттық киімдерімен іс-шараның сәнін келтірді. Кітапханашы «Шашу» рәсімін өткізді. Мерекелік іс-шара «Қара жорға» биімен көңілді басталды. Қазақ дәстүрлері туралы анықтама берілді. Балалар қойылған сұрақтарға жауап беріп, көктем туралы тақпақтар оқып, домбырамен өлең айтып, «Көрісу», «Сүйінші сұрау», «Байғазы», «Есім қою», салт-дәстүрлерін көрсетті. Сондай-ақ «Қол күрес», «Арқан тарту», «Асық» қазақ ұлттық ойындары өткізілді.
Іс-шара соңында наурыз батасы беріліп, «Шуақты көктем Наурыз» тақырыптық сөресіне шолу жасады.
Жыл басы – Наурыз мерекесі
