Әбдезұлы, Қансейіт. Тәкен және Тәттімбет [Мәтін] : [сөз зергері Тәкен Әлімқұлов пен күйші Тәттімбет туралы] / Қансейіт Әбдезұлы // EGEMEN QAZAQSTAN. – 2021. – 27 сәуір. – Б. 12.
Аннотация
Мақалада қазақ халқының көрнекті күйші-композиторы, XIX ғасырдағы классикалық домбыра музыкасының негізін салушылардың бірі, шертпе күйлердің авторы әрі орындаушысы Тәттімбет туралы тамаша әңгіменің авторы Тәкен Әлімқұлов екені туралы жазылады. Ол Тәкен Әлімқұловтың бүкіл саналы ғұмырын Қорқыт, Ықылас, Сейтек, Сүгір, Төлеген Момбеков, Әбікен Хасенов, Жаппас Қаламбаев, Генерал Асқаров сынды шығармашылық тұлғалардың тағдырын, жан дүниесін, рухани болмысын зерттеуге, көркем бейнелеуге арнағанын жазады. Әсіресе, жазушыны Тәттімбет тағдыры ерекше қызықтырды. Мақала авторы «Қосбасар», «Сылқылдақ», «Сарыжайлау», «Былқылдақ» күйлерінің жасалу тарихын ашады.