Қарындаштармен сурет салу

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті, онда балалар көптеген мектеп оқушыларының көптен күткен, сабақтан үзіліс жасап, қызықты істермен айналысатын кезеңі – жазғы демалыс туралы әңгімеледі. Кітапханашы балаларды шуақты күнді, гүлдерді, саңырауқұлақтар мен жидектер өскен шалғындарды бейнелейтін эскиздер салуға шақырды. Шара барысында балалар жаз туралы шағын әңгіме, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар оқыды.

Табиғаттың адал достары

Жас оқырмандар үшін «Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы «Табиғаттың адал достары» атты қызықты экологиялық квест өткізді. Қатысушылар «Табиғаттың адал достары» сөз тіркесінің бөліктерін пайдаланып тапсырмаларды орындады, алар толық сөйлем құрастырды. Балалар табиғат туралы жұмбақтарды шешіп, «Тірі және жансыз», «Тоқта және шапалақ» ойындарын ойнады, сұрақтарға жауап берді, жануарлардың бейнесін көрсетті, «Кіші үлкен теңіз» мультфильмін тамашалады, табиғат туралы қызықты кітаптармен танысты.

Тобыл өзені

Н. Островский ат. ОҚК Қостанайдың 145 жылдығына арналған «Менің Қостанайым» жобасы аясында «Тобыл озені» слайд-саяхат өткізілді. Жүргізушілер географиялық ерекшеліктер туралы айтып, өзен тарихымен таныстырды. Жергілікті ақындар М. Хакімжанова, С. Оспановтың Тобылға арналған өлеңдері, суретшілер А. Сапиев, Н. Торшин, Ю. Новоселовтың суреттерінің иллюстрациялары көрсетілді. Кітапхана оқырманы Р. Орынбаева өзен экологиясы мәселелерімен бөлісті. «Тобыл өзені» кітап көрмесі рәсімделді, онда көркем және салалық әдебиеттер, мерзімді басылымдар ұсынылды. Кітапхана оқырмандары қызықты әрі мазмұнды іс-шара үшін алғыстарын білдірді.

Домбыраның әуезді үні

«Южный» кітапхана-филиалында Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының 1 курс тыңдаушылары үшін Ұлттық домбыра күні қарсаңында, арнайы шақырылған қонақ – қостанайлық ақын және композитор Серікбай Оспановпен «Домбыраның әуезді үні» тақырыбында сұхбат-кездесуі өтті.
Іс-шара басында Әулиекөл Мәдениет үйінің әртісі Ерлан Қасымов «Сағындым Алматымды» домбыра композициясымен өнер көрсетті.
Кездесу барысында ақын өз шығармашылығы туралы айтып, жоспарларымен бөлісті, сүйікті өлеңдерін оқыды. Қонақ сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасау шеберлігін ағаштан жасалған түрлі заттарды мысалға келтірді. Оның талантын құрметтеу ретінде студенттер Лия Садвакасова, Досбол Смайл, Ақпейл Қалила домбыраның сүйемелдеуімен: «Өкінішті, көп өмір кеткен өтіп», «Сайра бұлбұл» әндері орындады.
Іс-шара соңында «Халықтың жаны – домбыра» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Ойыншық кітапшалар

2024 жылы 27 маусымда «Строительный» кітапхана-филиалында «Біз бақытты баламыз!» үйірмесінің мүшелері үшін «Ойыншық кітапшалар» атты презентация ұйымдастырылды.
Кітапханашы кітап туралы білімдерін кеңейту және оған ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында отырыс өткізді. «Түлкі, тасбақа және кене», «Түйе неге су ішкенде артына бұрылып қарайды?», «Кисонька-мурысонька», атты көлемді иллюстрациялары бар басылымдарды ұсынды. Бүл кітапшаларда, суреттер беттерде өзгеріп, театр декорацияларына ұқсайды. Жануарлар туралы панорамалық кітаптар, машинкалар, ертегі туындылары балаларды қызықтырды.
Балалар тек оқып қана қоймай, қуанышпен ойнады!

Шын жүректен оқитын кітаптар

Жас оқырмандар үшін «Қонай» кітапхана-филиалында «Шын жүректен оқитын кітаптар» атты кітапхана бульвары өткізілді. Ашық аспан астында кітап оқу ұйымдастырылды, балалар өздерімен бірге сүйікті кітаптарын алып, қалаған жерінде оқыды. Балалар «От спора до подвига», «Что важнее ноги или руки?», «Два Даньки, буран и скрипка» А. Суслованың кітабынан тарауларын оқыды. Балаларға жергілікті жазушының әңгімелері ұнады, олар кітаптың өз құрбылары туралы жазылғанын атап өтті, сонымен қатар әңгімелердің қысқа әрі оңай оқылатыны ұнады.

Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл

«Қонай» кітапхана-филиалында жазғы мектеп алаңындағы бүлдіршіндер үшін «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты сауықтыру сағаты өткізілді. Қатысушыларға зиянды әдеттер туралы айтылды. Балаларға темекінің зияны, алкогольді ішімдіктердің зияны, есірткінің зияны туралы кітаптар, плакаттар, жадынамалар таратылады. Спортпен шұғылданудың, күнделікті тәртіпті сақтаудың және дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы айтылды.

Тазалық – денсаулық кепілі

26 маусымда «Западный» кітапхана-филиалында «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара барысында балалар жеке гигиена ережелерін еске алып, денсаулық туралы мақал-мәтелдер оқып, жұмбақтар шешті. Олар тағамдарды зиянды және пайдалы деп екіге бөлді. Тақырыптық басқатырғыштар жинап және сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара соңында білімді бекіту үшін жақсы және жаман әдеттер туралы викторина өткізілді.

Менің жасым

2024 жылы 21 маусымда Н. Островский атындағы ОҚК «Soile Time» клубының кезекті отырысы өтті. Қатысушылар өткен материалды қайталай отыра «Менің жасым» атты жаңа тақырыппен танысты. Тақырып бойынша: «Жасырын сөздер», «Сандар әлемі», «Кел, сөйлесейік», «Сиқырлы жауаптар» сынды тапсырмалар орындалды. Бұл кезекті сабақ сандар жайлы толық ақпарат бере білуге машықтандыруға арналды. Сабақтың қызықты, әсерлі өтуі ойластырылып, тапсырмаларды орындау тіл үйренушілердің жаңа материалдарды, ұғымдарды, белсенді игерулеріне жағдай жасалды. Алдыңғы сабақтарда алған білімдерін бүгінгі сабақпен ұштастырып, жұптық, жекеше жұмыс жасау арқылы білімдерін толықтырып сонымен қатар тілдік, жазу, оқу дағдыларын қалыптастырды. Тіл үйренушілері кезекті кездесуден алған жақсы әсерлерімен бөлісіп, тарқасты.

Есірткі: бақыт суррогаты және қиындық көзі

Нашақорлық – адамзаттың жаһандық мәселелерінің бірі, осы тақырыпта «Дружба» кітапхана-филиалында «Есірткі – бақыттың суррогаты және қайғы-қасірет көзі» атты пікірлер полигоны өткізілді.
Жас оқырмандар Қазақстандағы және дүние жүзіндегі нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы біліп, әдебиетпен танысты. Балаларға «Есірткі туралы мифтер мен ақиқат» психологиялық тренингі және «Менің есірткіге деген көзқарасым» атты сауалнама жүргізілді.
Шара соңында балалар алған білімдерін талқылап, өз пікірлерімен бөлісіп, «Біз есірткіге қарсымыз» атты суреттерін көрсетті.