Сезімдерді қылқаламмен жеткізу

«Северный»  кітапхана-филиалында «Жаңұя» отбасылық үлгідегі балалар үйінің жас балаларына суретші, ұлттық бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына арналған «Сезімдерді қылқаламмен жеткізу»  өнер сағаты өткізілді.

Іс-шараның басында балаларға халық суретшісінің өмірі мен шығармашылығы туралы презентация көрсетілді. Іс-шараның негізгі бөлігінде «Жас Абай», «Амангелді Иманов», «Сенокос», «Түрксіб» және т.б. көптеген картиналардың жасалу тарихы баяндалды, тыңдаушылардың назарына «Әбілхан Қастеев – қазақ суретшісі және акварелист» атты бейнеролигі көрсетілді.

Іс-шара соңында «Сезімдерді қылқаламмен жеткізу» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Орал көне дәуірінің әңгімешісі

«Северный» кітапхана-филиалында П. П. Бажовтың туғанына 145 жыл толуына орай «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар үйінің кіші жастағы балаларына арналған «Орал көне дәуірінің әңгімешісі» ертегі кеші өткізілді. Орал өлкесі туралы ертегілерімен таныстырып, балаларды жазушының өмірбаянымен және оның шығармашылық қызметімен қысқаша баяндап өтті. Жас оқырмандар қызығушылықтарын білдіріп, ертегілер туралы өз пікірлерімен бөлісті.  

        Іс-шара соңында «Орал ертекші П. П. Бажов» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Барлықтарыңызды «Северный» КФ келуге шақырамыз!

Қайсар талант – Тахауи Ахтанов

 «Северный» кітапхана-филиалында «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» бағдарламасы аясында №22 ОМ 7 сынып оқушыларымен Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына орай сабақ өткізілді.

Сабақ барысында жазушының өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, бейнеролик көрсетілді. Оқушылар жазушы, драматург жайлы қызықтырған сұрақтарын қойды.

Іс-шара кітап көрмесіне шолумен аяқталды.

Терроризм және оның зардаптары

Терроризм – қазіргі әлемдегі адамзат қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіптердің бірі. «Станционный» кітапхана-филиалында «Терроризм және оның зардаптары» тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Терроризммен күресу ғана емес, оның пайда болуын болдырмау әлдеқайда маңызды және тиімдірек екенін білуіміз керек. Көрмеде ұсынылған материалдардан пайдаланушылар терроризмнің не екенін, оның мақсаттары, террор жағдайындағы мінезқұлық ережелері, мемлекеттің аумағында да, шетелде де Қазақстанның осы күрестегі рөлі туралы біледі. Көрмеде А. Асеевскийдің «ЦРУ: шпионаж, терроризм, зловещие планы», Э. Генридің «Против терроризма», Э. Ковалевтің «Террор: вдохновители и исполнители», Л. Моджорянның «Терроризм: правда и вымысел» кітаптары және мерзімді басылымдардағы мақалалар ұсынылады.

Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

Тарихи таным: уақыт, оқиғалар, адамдар

«Станционный» кітапхана-филиалында Нағашыбай Мұқатовтың 75 жылдығына арналған «Тарихи таным: уақыт, оқиғалар, адамдар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қостанай облысының белгілі ақыны әдебиеттанушы, аудармашы, қоғам қайраткері, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, КСРО телевизия және радио үздігі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Н. Мұқатовтың белсенді ісәрекетінің арқасында біздің облысымыз туралы одан тыс жерлерде де танылады. Көрмеде Нағашыбай Мұқатовтың «Қазыналы Қайнекей», «Көкірек-көзбен көргендерім», «Ой отауда оңаша», «Сөйле, жүрек!», «Қостанай облысы» энциклопедия және мерзімді басылымдардан алынған мақалалар ұсынылады.

Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

Киелі Қазақстан

№ 122 негізгі мектептің 5 сынып оқушылары үшін «Станционный» кітапханафилиалының қызметкерлері «Киелі Қазақстан» библиоглобусын өткізді. Ісшараға «Асыл мұра Аманат» қоғамдық қорының өкілі Әбенова Қарлығаш Әділбекқызы қатысты, ол оқушыларға Қазақстанның киелі жерлері туралы айтып берді. Кітапханашы балаларға Қазақстанның киелі жерлері туралы айтып, ерекше құрметке ие табиғи мұра ескерткіштерін атап өтті, тарихи тұлғалармен байланысты киелі орындарды атап өтті.

Іс-шара барысында «Қазақстанның киелі жерлері» бейнеролигі  көрсетілді. Шара соңында кітапханашы «Қазақстанның рухани орындары» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Білгіштер

«Станционный» кітапхана-филиалында «Білгіштер» үйірмесінің қатысушыларымен алғашқы кездесу өтті. Балалар дыбыстап оқу үшін өз талғамына сай ертегілерді таңдады. Кітаптарды таңдау өте алуан түрлі болды, сүйікті шығармаларын таңдауына жаксы мүмкіндік берілді. Содан кейін олар дауыстап оқыды. Неліктен бұл кітапты таңдағандары туралы әңгімеледі,  өз әсерлерімен бөлісті. Балалар әдеби кейіпкерлер туралы жұмбақтар шешті, осылайша жақсы білім мен оқылымды көрсетті.

Білгіштер

«Станционный» кітапхана-филиалында «Білгіштер» үйірмесінің қатысушыларымен кездесу өтті. Балалар  кітаптар мен журналдарды қарады, тақпақтар оқыды. Ребустар, сканвордтар мен жұмбақтарды шешті, үстел ойындарын ойнады.

Кітап елі

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №6 ЖББМ 2 сынып оқушылары үшін «Кітап елі» атты экскурсия өткізді.

Кітапханашы кітапхана және оның тарихы туралы айтты. Келесі кезекте балалар кітапханадағы тәртіп ережелерімен танысып, сөрелерді аралап, қажетті кітаптарды тез тауып алуды үйренді. Балалар абонемент пен оқу залының айырмашылығын, оқырман формулярының қандай екенін білді. Балаларды жануарлар, құстар мен табиғат туралы кітаптар, ертегілер, мифтер мен аңыздар қызықтырды. Балалар өздерінің сүйікті кітаптарынан алған әсерлерімен қуана бөлісіп, кітапханаға жиі баруға уәде берді.

Тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ

«Западный» кітапхана-филиалында «Тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Мемлекеттік тіл саясаты» кітабы елдегі тіл саясатын реттеуге арналған құжаттарды қамтиды, Ә. Бәкірдің «Тіл тұғыры» жинағында мемлекеттік тілдің саяси құқықтық және әлеуметтік мәселелерін сарапқа салып, оның қолдану аясын кеңейту туралы соңғы жылдардағы мақалалар, пікірлер, ұсыныстар топтастырылған. 
Сонымен қатар, оқырмандар назарына Ұ. Байсақалованың «Қазақ тілі», Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» Е. Тілешовтың «Қазақша үйренейік» оқу құралы, Ө. Айтбайұлының «Тілтірек» кітаптары және «Мәдениет» журналынан «Қазақ тілі қайтсе көркейеді», «Ана тілі халық мұраты» ұсынылды.
Құрметті оқырмандар, баршаңызды көрменің материалдарымен танысуға шақырамыз!