Қазақстанның рухани қасиетті орындары

«Западный» кітапхана-филиалында МАТЛМИ «Озат» мектебінің оқушылары үшін «Қазақстанның рухани қасиетті орындары» атты әңгімелер керуені өткізілді. Кітапхана қызметкері еліміздегі қасиетті орындар туралы мәлімет берді. Атап айтсақ, ежелгі Тараз, Ұлытау, Түркістан, Сайрам, Алтай, Жетісу өңірлері және Бекет-Ата кешені туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар тақырып бойынша блиц-сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара соңында қатысушылар «Қазақстанның киелі жерлері» атты кітап көрмесімен танысып өтті.

Ұлы сөз шеберлері

«Западный» кітапхана-филиалында мерейгер балалар жазушылары П. Бажов, В. Бианки, А. Гайдар және В. Астафьевке арналған «Ұлы сөз шеберлері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

22 қаңтарда жазушы, күрескер, ағартушы, патриот және Отан қорғаушы Аркадий Гайдардың туғанына 120 жыл толады. Көрмеде «Повести. Рассказы», «Школа», «Избранное» және т.б. кітаптар ұсынылған.

27 қаңтарда әйгілі Орал ертегілерінің авторы, жазушы, фольклоршы, журналист Павел Петрович Бажовтың туғанына 145 жыл. Көрмеде «Малахитовая шкатулка», «Серебряное копытце», «Голубая змейка» және т.б. шығармалар топтамалары ұсынылған.

11 ақпанда анималист жазушысы Виталий Бианкидің туғанына 130 жыл толады. Көрмеде «Лесная газета», «Кувырк и другие рассказы», «Красная горка» кітаптар ұсынылған.

1 мамырда әйгілі кеңес жазушысы, майдангер, ауылдық және әскери-патриоттық прозаның шебері Виктор Петрович Астафьевтің туғанына 100 жыл толады. Көрмеде «Перевал. Кража», «Последний поклон» және т.б. кітаптар ұсынылған.

Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

Ертегілер еліне саяхат

«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушыларына арналған «Ертегілер еліне саяхат» атты танымдық сағаты өткізілді. Балалар ертегілер мен ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп рөлдер бойынша оқып, берілген әріптерден сиқырлы сөздер құрастырды, жұмбақтар шешті. Олар қызықты кітаптар мен журналдармен танысып, ертегілер оқыды.

Таяқшадағы эскимо

«Западный» кітапхана-филиалында Дүниежүзілік эскимо күніне арналған, «Шебердің қолы ортақ» үйірмесінің «Таяқшадағы эскимо» атты шығармашылық сабағы өткізілді. Кітапханашы эскимоның шығу тарихын айтып берді, сонымен қатар балалар пластилинография туралы білді. Сабақ ермексазбен жұмыс істеудің дәстүрлі емес техникасын меңгеру арқылы ұсақ моториканы дамытуға бағытталған. Барлық жұмыстар жарқын және олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі болды.

Шебердің қолы ортақ

«Западный» кітапхана-филиалында зейінін, қиялын және ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған 6-9 жас аралығындағы балаларға арналған «Шебердің қолы ортақ» үйірмесі жұмысын бастады.

Үйірменің алғашқы отырысы ұйымдастырушылық сипатта болды. Кітапханашы үйірме және оның жұмыс жоспары туралы айтып берді. Балалар сурет салу және сомдау бойынша шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Сіздерді «Шебердің қолы ортақ» клубының мүшесі болуға шақырамыз.

Ақниет

«Западный» кітапхана-филиалында 8-12 жас аралығындағы балалар үшін «Ақниет» танымдық-сауықтыру үйірмесінің бірінші сабағы өтті. Кездесу барысында балалар бір бірімен, және үйірме жұмысының түрлерімен танысып өтті. Балалар кітаптарды, журналдарды, энциклопедияларды қызығушылықпен қарады.

Мерейгер кітаптар шеруі

«Западный» кітапхана-филиалында «Мерейгер кітаптар шеруі» атты мерейтойлық кітаптар көрмесіне шолу өткізілді. Кітаптардың мерейтойлары –бұл жаңа немесе оқылған шығармаларға оралуға тамаша себеп, бұл бір кездері оқыған ұмытылған оқиғаларды қайта жаңғырту мүмкіндігі. Көрмеде ондаған, тіпті жүздеген жылдар бұрын жасалған, бірақ оқырмандар арасында танымалдылығын жоғалтпай, қазіргі уақытта да сұранысқа ие туындылар.

И. Крыловтың ертегілеріне – 215 жыл, П. Бажовтың «Малахитовая шкатулка» – 85 жыл, С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романына – 110 жыл, С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасына – 95 жыл. Сөреде көптеген балалар шығармалары, ертегілер, әңгімелер: В. Драгунскийдің «Денискины рассказы», К. Чуковскийдің «Айболит», М. Твеннің «Приключения Гекльберри Финна», Ю. Олешаның «Три толстяка» кітатары орналасқан. Ерекше кейіпкерлердің шытырман оқиғалары, олардың ішкі әлемі балалар ұрпақтарының мінезін қалыптастыруға үлкен әсер етті, армандауға, мақсат қоюға, олардың орындалуына қол жеткізуге көмектесті. Құрметті оқырмандар, сізді бірнеше ұрпақ оқитын, уақытпен тексерілген кітаптармен танысуды шақырамыз.

Библиолицей

Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің қызметкерлері «Кітаптарды ретімен орналастыру. Кітапхана қорын есепке алу» тақырыбына арналған сабақ өткізді. Қатысушыларға кітапхана қорын есепке алу (қордың  құрамы мен қозғалысы, сондай-ақ оның сақталуы туралы ақпаратты тіркеу) барысы түсіндірілді.

Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Д. М. Утегенова басылымдардың (газеттерден басқа) және жарияланбаған материалдардың барлық түрлері үшін қорды есепке алудың негізгі бірліктері: басылым атауы (кіріспе сөзді қамтитын құжат),  басылым данасы  (қорға енгізілетін немесе одан шығарылатын құжаттың әрбір жеке бірлігі) екендігін түсіндірді. Кітапханалық-библиографиялық жіктелім бойынша жұмыс жасауды үйретті.

Басылымдар көбіне жүйелі-алфавиттік ретте қойылатындығы жеткізілді. Жүйелі ретпен орналастыру кезінде құжаттар білім салалары бойынша, ал ішінде – авторлар (әліпби бойынша) немесе атауы бойынша орналастырылатындығы, жүйелі тәртіп кітапханалық жіктеме кестелеріне сәйкес белгіленетіндігі баяндалды.

Сабақ барысында қызметкерлер РАКАЖ бағдарламасы бойынша кітаптарға аналитикалық жазуды жасау тапсырмасын орындады.