Табиғат – Анаға саяхат

«Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы жас оқырмандар үшін «Табиғат – анаға саяхат» атты оқулар өткізді. Оқулар ашық ауада өткізілді, барлығы өздерімен бірге сүйікті кітаптарын алып келді, содан кейін балалар Ирина Гуринаның «Как появляется цветок» және «Как появляется птица», біздің ауданда қандай құстар өмір сүретінін, үй бақшаларында қандай гүлдер өсетінін, жақын маңда, жабайы табиғатта қандай гүлдер өсетіні туралы әңгімені тыңдады.

Қолөнер арқылы шабыт

2024 жылдың 15 маусымда Н. Островский ат. ОҚК «Шабыт» клубының кезекті отырысы өтті. Кітапханашы клуб мүшелеріне қолөнердің әртүрлі бағыттары жайында ақпарат беріп қыр-сырымен бөлісті. Осы тақырыпты ашатын электронды презентация мен бейнероликтер көрсетілді. Шақырылған қонақ Баймагамбетова Карагоз Қайыржанқызы терімен жұмыс істеу дағдыларымен бөлісіп, «былғарыдан жасалған қиялдар» шеберлік сабағын өткізді. Қатысушылар клуб отырысының тәжірбиелік бөліміне белсенді қатысты. Шеберлік сағат қатысушыларға көптеген жағымды әсер қалдырды.

Түркі жазуы – өткенді білу

«Западный» кітапхана-филиалында «Түркі жазуы – өткенді білу» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Түркі жазуының ежелгі ескерткіштері – бұл орасан зор байлық. Бір ғасырдан астам уақыт бойы жазылған белгілі түркі дәстүрлері мен мифтері Қазақстаннан бастау алады.
Көрмеде кітапхана қорынан түркі әлемнің тарихы, мәдениеті мен әдебиетіне арналған кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылған: Р. Бердібай «Түбі бір түрікпіз», Ә. Сайран «Қазақтар және түрік әлемі», Ж. Әлмашұлы «Қызыр қонған Түркістан», «Рунические памятники тюрков», «Ерте ортағасырлық түркі тайпалары» және т.б.
Құрметті оқырмандар, сіздерді тарихи процесстердің дамуына елеулі үлес қосқан түркі тайпалары мен түрлі халықтардың мәдениетімен, кітап көрмемен танысуға шақырамыз.