Адам және табиғат

«Узкоколейный» кітапхана- филиалында 2024 жылғы 13 маусымда «ООҮ: Оқимыз. Ойнаймыз. Білеміз.» жобасы аясында шағын ауданның кіші, орта жастағы клуб мүшелері үшін «Адам және табиғат» іс-шарасы өтті.
Табиғатты қорғау тақырыбы қазіргі уақытта барлығына, әсіресе балаларға да маңызды. Сондықтан іс-шара барысында балалар байқауларға белсенді қатысып, жұмбақтар шешті, осылайша жануарлар мен құстар әлемі туралы білді.
Өткізілген іс-шара нәтижесінде балалар экологиялық проблемалармен танысты, қоршаған ортаны қорғау туралы білімдерін нығайтты.
Балалар табиғатқа ұқыпты қарау туралы өз пікірлерін білдірді және қателесуден қорықпады.
Іс-шара соңында балалар «Жерді сақта, Адам!» экологиялық бейнеролик қарады. Бұл іс-шара балаларды табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеуде оң рөл атқарады.

Қызыл, сары, жасыл

Жол қозғалысы ережелері – өте маңызды және оларды әрдайым есте сақтау керек! «Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы мектеп жанындағы алаң балалары үшін «Қызыл, сары, жасыл» ойын-сауық ойынын өткізді. Балалар «Бағдаршам» ашық ойынын ойнады, «Жол белгілері» квест-ойынында виртуалды қала көшелерімен жүріп өтті, «Ғажайыптар өрісіне»қатысты, кітаптармен танысты, «Смешарики» сериясындағы «Қауіпсіздік әліппесі» мультфильмін көрді, сондай-ақ кездескен барлық жол белгілерін атай отырып, маңайда шағын серуендеді және олар не үшін қажет екенін айтты.
Іс-шара «Жол керемет және әрине, қауіпсіз болсын!» деген дауыстаумен аяқталды.

Жол ережесін – әркім білуі керек!

Жазғы демалыста жол қаупі артады. Балаларды жол-көлік оқиғаларынан қорғау мақсатында «Қонай» кітапхана-филиалының жазғы мектеп алаңында балаларға арналған «Жол ережесін – әркім білуі керек!» атты ойын кітапханасы өтті. Балаларға жол ережесін сақтау, велосипедпен жүргенде абай болу, көшеден өткенде абай болу керектігі айтылып, жол белгілері көрсетілді.

Жазғы оқу залы

«Северный» кітапхана-филиалында №9 мектептің жазғы сауықтыру лагері оқушыларының қатысуымен «Жазғы оқу залы» іс-шарасы өткізілді. Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды.
Іс-шара барысында қол алысу, сурет салу, ән айту, би билеу өнері көрсетіліп, ұлттық ойындар ойналды.
Сонында кітапханалық экскурсия өткізілді.

Өлке тарихындағы есімдер

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері № 11 орта мектептің мектеп жанындағы лагерінің балаларына ерекше шығармашылық қолжазбасы мен қайғылы тағдыры бар қазақ ақындарының бірі Ғаббас Жұмабаевтың туғанына 100-жыл толуына арналған «Өлке тарихындағы есімдер» атты кітап сағатын ұйымдастырды.
Кіріспе сөзінде кітапханашы Ғ. Жұмабаевтың 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі көрнекті тұлға, Абайдан кейінгі қазақ поэзиясын әлемдік биіктерге көтере білген санаулы ақындардың бірі екенін атап өтті.
Іс-шара слайдтармен сүйемелденді, балалар Ғаббас Жұмабаевтың «Туған жер», «Менің халқым» өлеңдерін оқыды.

Книголэндке шақырамыз!

«Дружба» орта мектебінің мектеп алаңының балалары үшін «Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы «Книголэндке шақырамыз!» атты қызықты экскурсия ұйымдастырды. Балалар І. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына барып, абонемент және кіші бөлімнің оқу залында түрлі-түсті кітаптарымен танысып, көркемсурет бөлімінде өткен шеберлік сабағында қағаздан керемет гүл шоқтарын жасап, «Сау бол!» атты тәрбие сағатына қатысып, күн тәртібі, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты туралы білді. Экскурсия өте қызықты өтті!

Өлке тарихындағы есімдер

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері № 11 орта мектептің мектеп жанындағы лагерінің балаларына ерекше шығармашылық қолжазбасы мен қайғылы тағдыры бар қазақ ақындарының бірі Ғаббас Жұмабаевтың туғанына 100-жыл толуына арналған «Өлке тарихындағы есімдер» атты кітап сағатын ұйымдастырды.
Кіріспе сөзінде кітапханашы Ғ. Жұмабаевтың 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі көрнекті тұлға, Абайдан кейінгі қазақ поэзиясын әлемдік биіктерге көтере білген санаулы ақындардың бірі екенін атап өтті.
Іс-шара слайдтармен сүйемелденді, балалар Ғаббас Жұмабаевтың «Туған жер», «Менің халқым» өлеңдерін оқыды.

Жол белгілерінің мектебі

13 маусымда «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Жол белгілерінің мектебі» тақырыптық ойынын өткізді. Іс-шараның басында кітапханашы жол қозғалысының тарихы туралы айтып, қандай жол белгілері бар екенін атап өтті, балалармен «Своя игра» байқауын өткізді, «Жол белгілері» жұмбақтарын шешті, «Разрешается – запрещается» сөз ойынын ойнады және іс-шара соңында балалар «жол белгілерін» бояды.

Өрт – тілсіз жау

«Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Западный» кітапхана-филиалында «Өрт – тілсіз жау» тақырыбында әңгіме өткізілді.
Кітапханашы балаларға өрттің шығу себептерін, электр құрылғыларымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелермен, өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы айтып берді. Балалар «Отпен ойнаманыз!» атты мультфильм тамашалап және әлемдегі ең қиын мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші мамандығымен танысты.
Іс-шара соңында балалар өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай деген қорытындыға келді.

Сүйінші деген не?

2024 жылы 12 маусымда «Строительный» кітапхана-филиалында «Біз бақытты баламыз» үйірменің мүшелері үшін «Сүінші деген не?» атты танымдық сабақ өтті.
Кітапханашы балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы айтып берді. “Сүйінші” сөзінің ұғымын ашып, бұл қуаныш дегенді білдіреді. “Сүйінші сұрау” сөзбе-сөз аударғанда қуанышты хабарды жеткізуді білдіреді. Жақсы жаңалықты жариялаған адамға сыйлықтар мен сұраған заттарын табыстайды.
Балалар әртүрлі ұлттардың әдет-ғұрыптары туралы білімдерімен қуанышпен бөлісті!