Жас шекарашы

2024 жылдың 11 маусымында №28 мектеп-гимназиясының «Жас шекарашы» ҚПК мүшелерінің қатысуымен С. Баймағамбетов және интернационалист-жауынгерлер көшелерінің қиылысына шекаралық белгілері бар ескерткіш тасты абаттандыру бойынша экодесант өткізілді.
Аталған іс-шараға Қостанай облысы бойынша «Застава Тарландары» шекара ардагерлері кеңесінің төрағасы запастағы майоры Молдағалиев Қасымқан Рамазанұлы, Ауғанстандағы ДБ ардагері Виктор Иванович Пимичев, «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ОКЖ» ММ «Северный» к/ф меңгерушісі Р. М. Тасмағанбетова қатысты.
Балалар ескерткіш тасты, КСРО мен ҚР шекара бағаналарын ретке келтіріп, мемориалдың периметрі бойынша гүлдер отырғызды. «Мен өзім Шекара әскерлерінің ардагері болғандықтан, балалардың бұл іске қалай енгенін, нағыз патриот ретінде әрекет еткенін көру үлкен қуаныш сыйлады», – деп өз ойымен бөлісті Шекара қызметінің ардагері, Ауғанстандағы ДБ қатысушысы, әскери хирург Пимичев Виктор Иванович.

Ұлы дала – Қазақ елім

12 маусымда 2024 жылы «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 15 жалпы білім беру мектептің оқушылары үшін, «Ұлы дала – Қазақ елім» атты танымдық сабақ өткізді. Кітапханашы «Менің елім» презентациясының слайдтары арқылы оқушыларды Қазақстан тарихымен және киелі орындармен таныстырды. «Қазақстанның киелі орындары қай жерде орналасқан» кітап көрмесінің материалының көмегімен, Қазақстанның еліміздің киелі жерлері: «Арыстан баб кесенесі», «Қарашаш ана кесенесі», «Домалақ ана кесенесі», «Бурабай» жерлеріне қысқаша тоқталып түсініктеме берді. Қасиетті орындарға арналған «Қазақстанның киелі орындары» бейнеролигі көрсетілді.
Сонында балалар ғибадат ету және қажылық нысандарына саяхаттары туралы әсерлерімен бөлісуге қуанышты болды. Іс-шара қызықты да, тартымды өтті.

Табиғат достары

В. Бианкидің «Кім немен ән айтады?», «Хвосты» шығармалары бойынша оқулар
«Южный» кітапхана-филиалында «Табиғат достары» үйірмесінің қатысушылары үшін натуралист-жазушы В. Бианкидің «Кім немен ән айтады?», «Хвосты» шығармалары бойынша оқулары өтті. Кітапханашы балаларға жазушының табиғатқа және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілікке толы таңғажайып өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы айтып, «Кім немен ән айтады?» ертегісін әңгімелеп берді. Балалар естігендерін талқылады: шалғындар, ормандар мен батпақтардың тұрғындары туралы, олар қалай және немен дыбыс шығаратынын білді. Кітапханашы жас оқырмандардың назарын ертегінің қарапайым және түсінікті тіліне, жазушының шығармалары ерекше нәрселерді көруге, сұлулыққа қуануға, табиғатты қорғауға үйрететініне аударды.
«Хвосты» әңгімесінде автор қарапайымдылық, адалдық және еңбекқорлық ұғымын береді, өзіне жалған проблемалар жасамауға үйретеді.

Нұрлы балалық шақ!

Дүниежүзілік балалар еңбегімен күрес күніне орай «Дружба» кітапхана-филиалында «Нұрлы балалық шақ!» тақырыптық сөресі ұйымдастырылды. Тақырыптық сөреде келесі кітаптар ұсынылды: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Бала құқықтары туралы конвенция және «Назар аударыңыз! Балалар қауіпті жұмыстарда», «Жеткізу тізбегіндегі балалар еңбегін тоқтатайық», «12 маусым – Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні», сондай-ақ өткен ғасырлардағы ауыр балалар еңбегі туралы көркем әдебиеттер – А. Чеховтың «Ванька», Д. Григоровичтің «Гуттаперчевый мальчик», Н. Некрасовтың өлеңдері «Плач детей», «Мужичок с ноготок» және т.б.
Барлық оқырмандарды тақырыптық сөредегі материалдармен танысуға шақырамыз.

Кітаппен жұмыс істеу ережелері

2024 жылдың 11 маусымында «Узкоколейный» кітапхана-филиалының қызметкерлері кіші және орта жастағы балаларға арналған кітапхана сабағын өткізді. Кітапханашы балаларға кітаптың жасалу тарихы туралы айтып берді. Кітаппен жұмыс істеу ережелерін айтып берді. Балалар кітап туралы өлеңдер оқыды, кітап туралы мақалдарды еске түсірді, әдеби викторинаның сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барысында іс-шараға қатысушылармен «Иә – жоқ» атты ойын өткізілді, ол балаларды кітаптарға ұқыпты қарауға үйретеді.
Іс-шараға «Біздің алғашқы кітаптар» көрмесі дайындалды.

В здоровом теле, здоровый дух!

2024 жылғы 10 маусымда «Строительный» кітапхана-филиалында «В здоровом теле, здоровый дух!» атты денсаулық формуласы өтті.
Іс-шараға Қостанай ерікті мүгедектер қоғамы «Вдохновение» демалыс орталығының аға буынының мүгедек-арбашылары қатысты. Кітапханашы салауатты өмір салты, құрамдас бөліктердің тұтас кешенін сақтау қаншалықты маңызды екендігі туралы айтып берді. «Жить активно – здорово!» денсаулық туралы кітаптар көрмесін ұйымдастырылды. Ресейдің жетекші натурологы Г. М. Кибардин «Правильное питание лечит» кітабында тағамдарды қалай дұрыс таңдау керектігін және оларды қалай дайындау жолдарын айтады. «Если болят колени» кітабында П. В. Евдокименко тірек-қимыл аппараты ауруларының проблемаларын ашады. Смитиенко И. «Как лечить спину» кітабында автор арқадағы ауырсынуды емдеу әдістерін ұсынады. Қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар алынды. Қатысушылар ДӨК туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдады. Барлығы үлкен әсер қалдырды!

Я памятник себе воздвиг нерукотворный

«Северный» кітапхана-филиалында жазғы мектеп лагерінің қатысушылары үшін А. С. Пушкиннің мерейтойы аясында, ұлы орыс ақынының шығармашылығына арналған «Я памятник себе воздвиг нерукотворный» атты тақырыптық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында балалар Александр Сергеевич Пушкиннің әдеби мұрасымен танысып, ертегі викторинасына қатысып, өз эмоцияларын суреттермен және пластилиннен жасалған қолөнермен білдірді.
Шара соңында кітапхана кинотеатрында Пушкиннің сүйікті ертегілерін тамашалау ұйымдастырылды.

Әке, ана, мен – тату отбасы!

«Книгочей» үйірмесінің мүшелері үшін «Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы «Әке, ана, мен – тату отбасы!» атты шығармашылық сағатын өткізді. Балалар өз отбасылары, отбасы мүшелерінің хоббиі және отбасылық дәстүрлер туралы әңгімеледі, содан кейін олар асфальтқа түрлі-түсті бормен бірге өздерінің тату отбасын салды!

Ертегілер жолдарымен

«Гүлденген Қазақстан болашағы – кітап оқитын бала» жоба аясында «Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы «Жас қанат» аула клубының балалары үшін «Ертегілер жолдарымен» атты әдеби квест ойынын өткізді. Балалар Алыстағы Патшалықтың жолдарын, Ертегілер бағын және Ертегілер мекенжай бюросын аралады, «Ертегілер» хабарландыру тақтасындағы жарнамалардың авторларын және «Табылған және жоғалған ертегілер бюросындағы» заттардың иелерін табуға көмектесті. Сұрақтар бойынша қиындықтар туындаса, балалар өздері үшін дайындалған көмек көрмесіне жүгіне алады. Квест ойыны өте қызықты болды және балаларға ұнады!

Лукоморьяда емен жасыл

«Узкоколейная» кітапхана-филиалында 2024 жылғы 6 маусымда оқырмандарының кіші және орта жасына арналған «Лукоморьяда емен жасыл» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара А.С. Пушкиннің туғанына 225 жыл толу аясында өтті. Іс-шараның басында кітапханашы ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын айтып берді. Балалар үшін викториналар мен қызықты конкурстар дайындалды. Мысалы, «Етегінің атауын аяқта» байқауы және «Қандай ертегіден үзінді?» «Блиц-сауалнама» байқауында балалар тез жауап беруі керек болды. «Мұқият бол!» байқауында, кітапханашы әр түрлі ертегілердің кейіпкерлерін атады, балалар қол шапалақтауы керек еді, егер Пушкин ертегісінің кейіпкері болмаса, жай ғана үндемеуі керек болды. Сондай-ақ, Пушкиннің ертегілерінің кесілген иллюстрацияларынан балаларға сурет жинап, қай ертегіден екенін айту керек болды. Іс-шара соңында балалар Пушкиннің ертегілерінен үзінділер оқыды.