«Киевский» кітапхана-филиалында «Фантазия» үйірмесінің қатысушылары үшін «Гүлдер» шеберлік сабағы өткізілді. Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім берілді. Сабақ соңында қыздар өз жұмыстарын көрсетті.

«Киевский» кітапхана-филиалында «Фантазия» үйірмесінің қатысушылары үшін «Гүлдер» шеберлік сабағы өткізілді. Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім берілді. Сабақ соңында қыздар өз жұмыстарын көрсетті.
«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы балаларға ата-бабаларымыздың ежелгі аңшылық өнері туралы айтып берді. Балалар Абай Құнанбаевтың аңшылық өнерінің қыр-сырын сипаттайтын «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты өлеңін оқыды.
Іс-шара соңында балалар билік пен жомарттықты бейнелейтін бүркіт суретін салып, дайын жұмыстардың көрмесін жасады.
«Западный» кітапхана-филиалында «Шебердің қолы ортақ» үйірмесінің қатысушылары үшін «Құстар – менің достарым» атты викторина өткізілді.
Балалар құстардың табиғаттың ажырамас бөлігі екенін, олардың ән шырқауымен орман мен далаға көрік беретінін білді. Сонымен қатар балалар құстар туралы жұмбақтарды тауып, сурет салды.
Шара соңында балалар құстар туралы энциклопедияларды қарап шықты.
07 маусымда «Строительный» кітапхана-филиалында ұлы орыс ақыны А. С. Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына орай «Даңқты ақынның патшалығы!» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Қостанай қаласы білім бөлімінің № 5 а мектеп-гимназиясы КММ «Солнышко» мектеп жанындағы балалар лагерінің балалары қатысты. Кітапханашы ақынның 2021-1937 жылдардағы хронологиялық тәртіпте тоғыз кітабын ұсынды. Қатысушылар құрметпен және қызығушылықпен сирек кездесетін кітаптарды тамашалады. Пушкиннің шығармаларын қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың қазақ тіліне аударғаны туралы ақпарат берілді. Балалар «Сказка о попе и о работнике его Балде» кітабын рөлдер бойынша оқып, айлакерлік пен ақыл ашкөздікті жеңеді деген қорытындыға келді.
А. С. Пушкиннің шығармалары жастарға дұрыс таңдауға үйретеді! Іс-шара қызықты да әсерлі өтті!
6 маусым 2024 жылы «Строительный» кітапхана-филиалы «Біз бақытты баламыз» үйірменің мүшелеріне үшін, «Жаз келді» атты әнгіме сағатын өткізді.
Кітапханашы жаз айлары туралы жұмбақтар қойды. Балалар әртүрлі ойындар ойнап, конструкторлар мен Леголар жинады.
Қатысушылар жазушылардың шығармашылығымен танысып, өздерінің жазғы демалыс күндері оқыйтындарын айтты. Кітапханашы балаларға демалыс күндерін достарымен демалып, күтпеген оқиғаларға қызықты саяхат жасауларына тілек білдірді.
Іс-шара өте тартымды да, қызықты өтті.
А. С. Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына орай А. С. Пушкин атындағы ҚБК қызметкерлері ақын ескерткішінің жанында «Біз Пушкиннің ертегілерін саламыз» шығармашылық студиясы ұйымдастырылды. Кітапханашы қатысушыларды орыс классигінің шығармашылығымен таныстырып, әдеби шығармалардың үзінділерін оқыды. Балалар жеке сюжеттерді де, Пушкин ертегілерінің кейіпкерлерін де салды. Жас суретшілер ақынның портретін, оның шығармаларына иллюстрацияларды және сүйікті ертегі кейіпкерлерін бейнелеген. Ертегілердің әйгілі кейіпкерлері балалардың суреттерінде өмірге келеді. Мұнда алтын балығы бар қарт, ғалым мысық, аққу патша және сиқырлы тиін бар.
Іс-шараға үлкен шабыт пен ынта-жігермен жас суретшілер қатысты, өйткені олар А. С. Пушкиннің ертегілерін біледі және жақсы көреді.
2024 жылғы 6 маусымда Қостанай қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтары үшін орыс әдебиетінің классигі А. С. Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына орай «Уақыт пен кеңістік арқылы Пушкинге» атты әдеби мерекесін ұйымдастырды. Мереке Н. Островский ат. орталық қалалық кітапханадан А. Пушкин ескерткішіне салтанатты шеруден басталды.
Қонақтар қостанайлық ақын мен жазушы Ақылбек Шаяхмет, Пушкин поэзиясын сүйетіндер Татьяна Михайловна Королёва, Надежда Петровна Волосян құттықтау сөз сөйледі, іс-шара барысында ақынның өлеңдері оқылды, А. С. Пушкиннің ертегілері сахналанды.
«Евгений Онегин» көркем шығармасынан монологты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университетінің актерлік бөлімінің студенттері – Хлевной Дмитрий, Черкасский Дамир оқыды. Бульварда «зайырлы ханымдар» серуендеп жүрді. Ұлы ақынның шығармашылығынан шабыттанған жас суретшілер өз жұмыстарында Пушкин шығармашылығының жан-жақты табиғатын, оның романтикасы мен биіктігін бейнелеген.
Мереке барысында «Мирас» МҮ шығармашылық ұжымдары, «Индиго» хореографиялық студиясы, «Жұлдыз» вокалдық-домбыра студиясы өз өнерлерімен қуантты. Мерекеге қатысқандардың барлығы Пушкинді қайта ашып, оның лирикасының керемет әлеміне ене алды.
2024 жылдың 5 маусым күні «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері шағын аудан оқырмандары үшін «Пайдалануға жол жоқ» атты тақырыптық сөресін ұйымдастырды. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, газеттер мен журналдардағы мақалалар, В. Г. Перов «Тройка», И. Е. Репин «Бурлаки на Волге» суретшілердің репродукциялары, А. П. Чехов «Ванька», «Спать хочется», Г. Бичер Стоудың «Хижина дяди Тома» көркем әдебиеттері, балалар еңбегінің мәселелері туралы «Золушка», «Три Толстяка», «Мальчик с пальчик» ертегілері ұсынылды. Әдебиеттермен танысқан оқырмандар балалар еңбегі тақырыбы өзекті деген қорытындыға келіп, А. П. Чеховтың «Спать хочется» әңгімесін оқуға кірісті.
«Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері оқырмандар үшін «Ашықтық, бейбітшілік, үміт нышандары» атты викториналық ойынын өткізді. Оқырмандарға «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні» бейнеролик көрсетіліп, викториналық ойын өткізілді, мемлекеттік рәміздер мен еліміздің тарихы туралы әдебиеттер ұсынылған тақырыптық сөре дайындалды.
Іс-шара оқырмандардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін жалпылауға, тереңдетуге және бекітуге көмектесті.
«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Достарыммен бірге» атты викторина өтті.
Іс-шара барысында балалар көңілді және достық атмосфераға еніп, өздерінің тапқырлығын көрсетті. Қатысушылыр кроссвордтар мен жұмбақтар шешіп, викторина сұрақтарына жауап берді. Әр түрлі жаттығулар мен тапсырмаларды қуанышпен орындады.
Іс-шара соңында балалар бір-біріне бейбітшілік пен жақсылық тілеп, жақсы көңіл-күймен бөлісті.