Менің Астанам – әлемнің орталығы!

«Южный» кітапхана-филиалында «Собеседник» клубының мүшелері үшін «Менің Астанам – әлемнің орталығы!» Қазақстан Республикасының астанасы күніне арналған медиа-эссе – іс-шарасы болып өтті. Кітапханашы еліміздің бас қаласы мен оның көрікті жерлерінің қалыптасу тарихы туралы айтып берді. Іс-шара барысында қатысушылар Астана көшелерімен виртуалды саяхат жасап, оның сәулетімен және мүсіндік композицияларымен танысты: «Қазақ Елі» монументі, үш деңгейлі тостаған түрінде орындалған субұрқақ, Президенттік мәдениет орталығы, «Бәйтерек», «Думан» ойын-сауық орталығы, бейбітшілік және келісім сарайы. Көбісі бұрын Елордаға барып, сапардан алған әсерлерімен бөлісті. Іс-шара соңында «Мақтанышым – Астана» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Қазақстанның жүрегі – Астана

А. С. Пушкин атындағы ҚБК қызметкерлері Елорда күні қарсаңында «Ақбота» клубының қатысушылары үшін «Қазақстанның жүрегі – Астана» атты виртуалды саяхат өткізді. Балалар Астана қаласының түрлі-түсті пейзаждарымен және көрікті жерлерімен танысып, виртуалды саяхат жасады.
Сондай-ақ, кітапханашы Елорда тарихын бейнелейтін, жаңа сәулет нысандары туралы әңгімелейтін маңызды және қызықты сандармен таныстырды. Қатысушылардың назарына кітапхананың кітап қорынан: З. Е. Кабульдиновтың «Астана: өткен және қазіргі», «Жан – жүрегім Астана», «Астана: монументтер мен мүсіндер» кітабтары мен Ш. Шахайдың фотоальбомы ұсынылды.

Астана – бейбітшілік пен арман қаласы

Астана күні мерекесі қарсаңында «Северный» кітапхана-филиалында «Астана – бейбітшілік пен арман қаласы» атты ақпараттық сағаты өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.
Шара барысында кітапханашы балаларды қаламен таныстырды. Олар оның қалай салынғанын, онда қандай көрікті жерлер бар екенін білді. Викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп, елордамыз туралы өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара соңында балалар «Астана – елорданың жүрегі» атты көрмесімен танысты.

Кітап – біздің досымыз

2024 жылдың 05 шілдесінде «Строительный» кітапхана-филиалында «Кітап – біздің досымыз» кітап шеберханасы өтті. Іс-шараға «Строитель» шағын ауданының балалары қатысты.
Кітапханашы кітаптың шығу тарихы мен оқудың әр адамның өміріндегі маңызы туралы әңгімелеп берді. Практикалық бөлім қызықты түрде өтті, балалар кітапхана қорынан жыртылған кітаптарды, жөндеу үшін кітаптарды таңдап, қайшымен жұмыс істеуге дайындалып, қолда бар материалды таңдады. Әркім өзінің сүйікті кітабы туралы өз әсерімен бөлісті!
Еңбек қызметі арқылы балалар дербестікке, тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезіміне және кітаптарды ұқыпты ұстаудың тұрақты дағдысына ие болды.

Әжемнің кілемі

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Кітапханашы балаларға әжелердің жүнді қолмен иіріп, бояп, кілем тоқу тәсілдері туралы айтып берді. Іс-шара барысында балалар кілемдер мен өрнектердің әртүрлі түрлерімен танысып, үйдің интерьерін безендіретін бұйымдар туралы жұмбақтар шешті. Сабақ соңында оқушылар ұлттық ою-өрнекпен түрлі-түсті кілемдер салып, дайын жұмыстар көрмесіне шолу жасады.

Күмбірле домбра!

«Северный» кітапхана-филиалында жасөспірім жастағы тұрақты оқырмандар үшін Қазақтың ұлттық аспабы домбыра күніне орай «Күмбірле домбыра!» тақырыбында этно-музыкалық композициясы өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы ұлттық аспабтың шығу тарихы және құрылымдарымен таныстырып өтті. Іс-шара соңында домбыра үнімен әндер орындалды. «Ұлы даланың көне сарындары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Еліміздің жүрегі – Астана

Мемлекеттік мереке – Астана күні қарсаңында «Дружба» кітапхана-филиалында «Еліміздің жүрегі – Астана» атты қызықты виртуалды экскурсия өткізілді. Жас оқырмандар Астана қаласының орнында алғашқы қоныстың қалай және қашан пайда болғанын, оның қалай өсіп, дамып, гүлденген заманауи қалаға айналғанын, қаланың дамуында қандай кезеңдер өткенін және оны әр уақытта қалай атағанын білді. Сондай-ақ кітапханашы елорданың басты көрікті жерлері – Бәйтерек, Президент резиденциясы Ақорда, Атамекен этнопаркі, «Думан» ойын-сауық кешені, Бейбітшілік және Келісім Сарайы, елорданың ескерткіштері мен мүсіндері туралы айтып, келушілер «Астананың көрікті жерлері» бейнеролигін көріп, «Менің Астанам» көрмесінде Астана туралы түрлі-түсті кітаптарды тамашалады. Іс-шара соңында викторина өткізілді, оның барысында балалар кітапханашының айтқанының бәрін жақсы есте сақтағанын және біздің әдемі астанамызға міндетті түрде келуге ниет білдіргендерін көрсетті!

Еуразия жүрегі – Астана

2024 жылғы 4 шілдеде «Узкоколейный» кітапхана-филиалының қызметкерлері кіші және орта жастағы балалар үшін «Еуразия жүрегі – Астана» атты іс-шарасын өткізді.
Іс-шара басында кітапханашы балаларға елордамыздың көріністері бар альбомды ұсынды. Іс-шара барысында балаларға Астананың тарихы, мәдениеті, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, сондай-ақ жас елорданың дамуы мен құрылысына үлес қосқан адамдар туралы түрлі сұрақтар қойылды.
Сонында балалар Астана туралы өлеңдер оқыды. Іс-шараға «Астана – Қазақстанның басты қаласы» атты көрмесі дайындалды.

Астана – ақиқатқа айналған арман

2024 жылғы 4 шілдеде «Западный» кітапхана-филиалында Астана күні мерекесі қарсаңында кітапхананың жас оқырмандары үшін «Астана – ақиқатқа айналған арман» бейне-экскурсиясы өтті. Кітапханашы Қазақстанның елордасы Астананың құрылу тарихына тоқталып, оның көрікті жерлері жайлы айтып берді. Шара барысында «Елорданың көрікті жерлері» атты бейнеролик көрсетілді. Балалар Астана туралы өлеңдер оқыды, көрікті жерлер туралы мозаика құрастырды, елорданың туған күніне тілектер мен құттықтаулар жазды. Шара соңында балалар «Астана – арман қала» тақырыптық сөресімен танысты.

Қазақтың жаны

4 шілдеде «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері кітапхана оқырмандары үшін Ұлттық домбыра күніне арналған «Қазақ жаны» мерекелік ойын бағдарламасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалар қазақ халық аспабы – домбыраның тарихын білді. «Домбыра туралы аңыз» бейнеролигін қарады. Бұдан әрі қазақ композиторлары мен әншілері домбыра өнерінің ұлы классиктері туралы кітаптар көрсетілді, күйлерін тыңдап, домбыра туралы өлеңдер оқыды.
Іс-шара соңында балалар «Сиқырлы домбыра» тақырыптық сөресінің материалдарымен танысты.