Еуразия жүрегі – Астана

Елорда күнін мерекелеу аясында «Станционный» кітапхана-филиалы жас оқырмандарға арналған «Еуразия жүрегі – Астана» танымдық сағатын өткізді. Кітапханашы Астана заманауи бірегей сәулеті бар әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі екенін атап өтті. Астана Тәуелсіз Қазақстанның табысы мен өркендеуінің символына айналды. Іс-шараға қатысушылар елорда бойынша сырттай экскурсия жасады, Қазақстанның астанасы болу құрметіне ие болған барлық қалаларды еске алды, елорданың көрікті жерлерін тізіп, Астана туралы өлеңдер оқыды, викторина сұрақтарына жауап берді. Соңында кітапханашы «Туған күніңмен, туған елордамыз!» шолу жасады.

Тоғызқұмалақ ойыны

«Строительный» кітапхана-филиалында «Біз бақытты баламыз!» үйірме мүшелеріне арнап, «Тоғызқұмалақ ойыны» ойын өткізді. Жүргізуші үйірме мүшелеріне тоғызқұмалақ қазақ дәстүрлі ойынымен және оның тарихымен таныстырды. Балалар ойын ережелерімен танысып, қуана ойнады.
Отырыс ынта-жігермен өтті, балалар математикалық іс-әрекетте өз білімдерін көрсетті және тапқырлық танытты.

Ел жүрегі – Астана!

3 шілдеде «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері жас оқырмандар үшін «Ел жүрегі – Астана» атты ойын жолсілтемесін өткізді. Кітапханашы Елорданың тарихы мен дамуы, жетістіктері мен көрікті жерлерімен таныстырды. Балалар Астана туралы сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салып, «Атауды тап» ойынын ойнады.
Іс-шара соңында «Туған күнің құтты болсын, Астана!» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Домбыра дастаны

Жазғы мектеп алаңының балалары үшін «Қонай» кітапхана- филиалында Домбыра күніне арналған «Домбыра дастаны» атты байқау өткізілді. Кітапханашы балаларға қолында домбыра қуаныш немесе мұң естілетін ұлы домбырашылар-күйшілер туралы айтып берді. Қатысушыларға Ж. Кәрменованың «Әнінің қазақ жетпес бұрмасына», Қ. Сахарбаеваның «Дина. Әсем қоңыр», У. Бекенованың «Күй керуені» және т.б. кітаптар ұсынылды. Балалар «Әке толғауы», «Келіншек», «Нәр ағашы» күйлерін орындаудан сайысқа түсті.

Жыр арқауы Елорда

2024 жылғы 3 шілдеде Н. Островский ат. ОҚК «Лада» клубының мүшелері үшін «Жыр арқауы Елорда» атты виртуалды экскурсиясы өтті. Кітапханашы Қазақстан астанасының құрылу тарихы, оның көрікті жерлері туралы айтып берді. Іс-шара Астана туралы тұсаукесермен, бейнекадрлармен сүйемелденді. Астана, Бәйтерек, Ақорда және елорданың басқа да көрікті жерлері туралы әндер мен өлеңдер айтылды.
Сонында қатысушылар Астанаға сапардан, оның таңғажайып сәулеті туралы өз әсерлерімен бөлісті.

Табиғаттың ғажайыптары

3 шілдеде «Западный» кітапхана-филиалында «Табиғаттың ғажайыптары» атты танымдық сағат өтті. Кітапханашы балаларды планетамыздың ерекше жануарлар әлемінің түрлерімен таныстырды. Ал балалар «Қазақстандағы жануарлар әлемі», «Тірі әлем», «Зачем и почему», «Жануарлар әлемінің үлкен атласы» деген энциклопедиялармен және «Жануарлар әлемінде» журналдарымен жұмыс істеді.
Іс-шара соңында балалар «Тауып-ал» ойынын ойнады.

Астана – бейбітшілік пен армандар қаласы

Астана күні мерекесі қарсаңында «Дорожный» кітапхана-филиалының оқырмандары үшін «Астана – бейбітшілік пен армандар қаласы» атты әдеби-музыкалық композициясы өткізілді. Кітапханашы оқырмандарды Қазақстан астанасының тарихымен, дамуымен, жетістіктерімен және көрікті жерлерімен таныстырды. Іс-шараға «Елорда – ел мақтанышы» презентациясы дайындалды.
Соңында балаларға «Астананың өрлеуі – Қазақстанның өрлеуі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Алдар Көсенің – сиқыры

2024 жылдың 05 шілдесінде «Строительный» кітапхана-филиалында «Алдар Көсенің – сикыры» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға кітапхананың жас оқырмандары қатысты. Кітапханашы балаларды қазақ ертегілерінің мейірімді және өте қызықты кейіпкері Алдар көсенің хикаялары мен таныстырды. Ол халық қаһарманы, әлсіздерді қорғайды, ашкөз байларды, жалқаулар мен ақымақтарды алдап, жазалайды. «Алдар Көсе мен бай», «Қүтпеген қонақ» ертегілерін оқып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талқылады.
Ертегі балаларға қызықты және әсерлі өтті.

Домбыра үні – жүрек үні

2024 жылдың 3 шілдесінде Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Домбыра үні – жүрек үні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде домбыра жасау тарихы, өткен және қазіргі заманның көрнекті домбырашыларының өмірі туралы баяндайтын кітаптар мен мақалалар ұсынылған.
«Звёзды казахского искусства» кітабынан домбыра жасаушы Қамар Қасымов туралы білуге болады. К. Сахарбаеваның кітабында көрнекті күйші, домбырашы Дина Нұрпейісова туралы баяндалады. «Қорқыт Ата» кітабында оқырман күйші-орындаушымен, ойшыл ақынымен, күйі шығарған белгілі Қорқытпен танысады.
Ю. Юрьевтің «Язык домбры» мақаласынан домбыра ежелгі құрал адамның ішкі әлемін, оның ой-сезімдерін жеткізе алатынын біледі.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді біздің көрмеге қатысуға шақырамыз!

Ойна, домбыра!

«Дружба» кітапхана-филиалында «Книгочей» үйірмесінің мүшелері үшін «Ойна, домбыра!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларға домбыраның құрылысы, тарихы, ұлы ақындар мен күйшілер туралы айтып берді. Балалар «Ақсақ құлан» мультфильмін тамашалап, домбыра тартып, «Музыкалық аспаптар» викторинасына қатысты.