2024 жылғы 04 қыркүйегінде «Строительный» кітапхана-филиалында «Отбасы – бақыт мекені» атты сөре-коллажы ұйымдастырылды.
Ақын А. Бақтыгерееваның «Ана әлдиі» жинағына нәзік сезімдер мен ойларға толы әйелдің, ананың, қыздың тағдыры туралы өлеңдер енген. Жазушы әйелдердің қоғам мен ел өміріндегі орны туралы айтады. Ақын О. Асқардың «Ауыл балалары мен қала балалары» өлеңдер, ертегілер, поэмалар, жұмбақтар жинағы достыққа, жанашырлыққа, бір-біріне көмектесуге отбасында үйренетінін көрсетеді. Белгілі педагог Я. Корчак «Как любить ребенка» кітабында туғаннан бастап жан-жақты тұлғаны тәрбиелеуге кеңес беріледі.
Құрметті оқырмандар, сіздерді осы материалмен танысуға шақырамыз!
Month: September 2024
Мектептің бірінші күні
2024 жылғы 03 қыркүйегінде «Узкоколейный» кітапхана-филиалында №25 мектептің мектепалды даярлық сыныбының балаларымен «Книгочей» әдеби үйірмесінің кезекті отырысы өтті. Кітапханашы балалармен 1-ші мектеп күні туралы әңгімелесті, оларға А. Суслованың «Дорога из школы» өлеңін оқыды. Соңында балалар мектептегі алғашқы әсерлері туралы суреттер салды.
Ғажайып мектеп жылдары
2024 жылғы 03 қыркүйегінде «Узкоколейный» кітапхана-филиалында қалың оқырмандар үшін «Ғажайып мектеп жылдары» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде мектептегі күлкілі оқиғалары бар кітаптар қойылған. Е. Велтистовтың «Приключения Электроника» кітабы, А. Суслованың «Солнце на ресничках» т.б., сонымен қатар ертегілер, және мектеп оқушылары мен олардың сүйікті мұғалімдері туралы қызықты өлеңдерді оқуға журналдар ұсынылады.
Сіздерді кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.
Сіз кітапханаға келдіңіз!
Сіз кітапханаға келдіңіз!
2024 жылдың 2 қыркүйегінде «Строительный» кітапхана-филиалында «Сіз кітапханаға келдіңіз» атты экскурсия өтті.
Бұл іс-шараның қатысушылары № 5 «А» және 3 «в» сынып оқушылары болды. Балалардың кітапхананың залдарымен танысуына мүмкіндік жасалды. Абонемент залында оларға кітапхананың ережелері, жұмыс уақыты және кітап қоры таныстырылды. Балалардың назарын балалар әдебиетінің жаңа кітаптары ерекше аударды. Оқу залының кітапханашысы балаларға ойыншық кітаптарды көрсетті, қазақ және орыс тіліндегі 3D форматындағы кітаптарды таныстырды. Оқушылар ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар шешті, «Жұмбақ теремок» ойынына қатысты, өлеңмен физкультминуткаға қатысты.
Экскурсия көңілді, қызықты және білімді өтті!
Тіл – достықтың алтын көпірі
2024 жылғы 03 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында «Тіл – достықтың алтын көпір» атты білгірлер турнирі өтті.
Іс-шараға № 15 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Кітапханашы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына сәйкес 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі жарияланғанын атап өтті.
«Тіл – татулық тірегі» кітап көрмесі ұсынылды. Балалар екі топқа бөлініп, тапсырмаларға белсенді қатысты. Қазақ тілі туралы мақал-мәтелдерді еске алып, сөйлемдерге жетіспейтін сөздер енгізіп, үш тілде карточкалар жинады.
Іс-шара ана тілі туралы білімдерін кеңейте отырып, танымдық түрде өтті.
Білім елінде
2024 жылдың 3 қыркүйегінде №13 орта мектептің кішкентай балаларға арналған «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Білім елінде» атты экскурсия өткізді.
Кітапханамен танысу кітапхананың тарихымен басталды, кітапханашы балаларға пайдалану ережелері, кітапхана қызметтері, абонемент жұмысы, оқу залы туралы және кітапқа қамқорлық жасау туралы айтты.
Викториналар мен жұмбақтардың көмегімен балалар кітапхана қорларымен және бөлімдерімен танысты. Оқу залында мерзімді басылымдарға, кітап көрмелеріне шолу өткізілді.
Соңында шара жүргізушілері кітаппен жаңа қызықты кездесулер тілеп, балаларды кітапханаға жиі келуге шақырды.
Кітапханаға жазыл, бірінші сынып оқушысы!
2024 жылдың 3 қыркүйегінде «Строительный» кітапхана-филиалында
«Кітапханаға жазыл, бірінші сынып оқушысы!» атты шақыру акциясы өткізілді.
Акцияға № 5 «А» мектеп-гимназиясының 1 «З» сынып оқушылары қатысты. Акция мектеп ауласынан басталды. Кітапханашылар бірінші сынып оқушыларымен кездесіп, өздерін таныстырып, визиткаларын табыс етті және балаларды кітапханаға шақырды. Осылайша олардың кітаптар әлеміне саяхаты басталды! Кітапханашы кітапханаға жазылу ережелерін түсіндіріп, оқырман формулярының не үшін қажет екенін түсіндірді. Балалар кітап қоры бойынша саяхат жасап, балалар әдебиеті бөлімімен таныстырды. Балалардың назарын «Жаңа кітаптар» әр бетте қозғалыс елесін беретін көлемді иллюстрациялары бар интерактивті 3D кітаптармен ұсынылған кітап сөресіне аударды. Оқушылар көңілді конкурстар мен әдеби ойындарға белсенді қатысты. «Бұл кім?» викторинасының сұрақтарына дұрыс жауап беріп, ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар шешілді, кітаптар туралы мақал-мәтелдер еске түсірілді. Сыйлық ретінде оқудың пайдасы туралы бетбелгілер үлестірді.
Кітапханаға барған алғашқы әсер балалардың көңіл-күйін көтерді!
Ақылдылар
Балаларды оқуға тарту мақсатымен, А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Ақылдылар» атты интеллектуалдық ойын өткізілді.
Ойын бірнеше турдан тұрды: «Сіздің ойыныңыз», «Жауапты таңдаңыз», «Блиц», «Капитандар сайысы». Қатысушыларға қиын сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің білімдерін, логикалық ойлауын және шектеулі уақытта ерекше жағдайларда шешім қабылдау қабілетін көрсету қажет болды. Барлық байқаулар қатысушылар үшін қызықты әрі тартымды болды. Балалар тапсырмаларды сәтті орындап, өздерінің білім аясын кеңейтті, мүмкіндіктеріне деген сенімділікті нығайта білді.
Конституция – тұрақтылық кепілі
Конституция күнін мерекелеу аясында ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері үшін «Конституция – тұрақты мемлекеттің іргетасы» тақырыптық іс-шарасы өткізілді. «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні!» атты кітап көрмесі дайындалды.
Іс-шара барысында Конституция ел өмірінің негізгі салаларында мемлекеттік реттеудің шегі мен сипатын белгілейтіні аталып өтілді. ҚР-дағы шекара қызметі мемлекетіміздің аумағының тұтастығының, бөлінбейтіндігінің және қол сұғылмаушылығының кепілі болып табылатынына ерекше назар аударылды.
Кітап – білім бұлағы
1 қыркүйек – Білім күні мерекесі аясында 2 сынып оқушылары үшін «Кітап – білім бұлағы» атты зияткерлік ойыны өткізілді.
Іс-шара барысында кітаптың жасалу жолы, тарихы жайлы ақпарат берілді. Балалар атақты ғұламалардың қанатты сөздерін оқыды, мақал-мәтелдердің екінші бөліктерін іздеп тапты, жұмбақтарды шешті, және сабаққа, білімге, кітапқа қатысты өлеңдер оқыды.