Әлем ғажайыптары

25 қыркүйекте «Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Әлем ғажайыптары» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Кітапханашы балаларға «Балдырған», «Балалар әлемі» журналдарын, «Қазақстандағы жануарлар әлемі», «Чудеса света», «Планета земля», «Живой мир» энциклопедияларын ұсынды.
Үйірме қатысушылары балық түрлерімен, ғарыш өмірі жайлы, жер сілкінісі туралы тақырыптармен танысып, өзара пікір алмасты.

Халықтың дара жазушысы

2024 жылғы 26 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК кітапханашылары Б. Соқпақбаевтың 100 жылдығына, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Халықтың дара жазушысы» атты әдеби кеш өткізді. Іс-шараға ҚЖМК студенттері және Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПИ-ның қазақ тілі және әдебиеті мамандығының студенттері қатысты. Атақты жазушы Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев жайлы бейнебаян және жазушының «Менің атым Қожа» кинофильмінен үзінді көрсетілді. «Тұмар» өнерлі жастар клубының мүшелері Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасынан монолог оқып, күй тартып, мың бұрала би билеп, Алаштың аяулы ақын-жазушыларының құнды ой-пікірлерін нақышына келтіре айтып тындаушыларды тәнті етті. Кітапханашылар «Халқы сүйген қаламгер» Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын баяндайтын дəстүрлі кітап көрмесі қатысушылар назарына ұсынылды.

Әңгімеден фильмге бейімделеу

26 қыркүйекте «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Әңгімеден фильмге бейімделеу» атты іс-шарасы өтті. Іс-шара қазақ жазушысы Бердібек Сокпақбаевтың 100 жылдығына арналып, «Оқимыз. Танимыз. Ойнаймыз» жобасы аясында өтті. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды Б. Соқпақбаевтың өмірбаянымен және шығармашылық қызметімен таныстырып, әңгімеге негізделген фильмнің құрылу тарихымен таныстырды. Оқушыларға «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетілді. Содан кейін оқушылар фильмнің сюжеті бойынша викторинаның сұрақтарына белсенді жауап берді. Оқушылар әдеби ойынға белсене қатысты, онда әңгіменің басты кейіпкерлерін суреттеп, олардың бейнелерін салу қажет болды.
Іс-шараға «Бердібек Сокпақбаевтың шығармаларындағы балалық шақ әлемі» атты кітап көрмесі дайындалды.

Кітапхана арқылы білім әлеміне

2024 жылғы 25 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін «Кітапхана арқылы білім әлеміне» атты кітапханалық сабақ өткізді.
Кітапханашылар Орталық кітапхананың тарихымен, жұмыс режимі, кітапхана бөлімдерінің қызметімен таныстырды. Студенттерді кітап және мерзімді басылымдар, кітап көрмелері, «Лада», «Тұмар», «Шабыт» клубтарының, «Жас жалын» жастар-шығармашылық студиясының қызметі бар папкалар қызықтырды.
Сонында қатысушыларға бетбелгілер, буктемелер, «Қостанай қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі», Н. Островский ат. ОҚК әлеуметтік желілерде», «Н. Островский ат. ОҚК тарихы» нұсқаулықтары табысталды.

Президенттің Жолдауы: күн сайын

«Дружба» кітапхана-филиалында қайта жаңартылған «Президенттің Жолдауы: күн сайын» кітап көрмесі ұсынылған. Онда ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» хабарламасы, ҚР Конституциясы, тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы кітаптар көрсетілген. Сондай-ақ, көрмеде қойылған міндеттердің жүзеге асырылуы туралы пікірлер мен мақалалар жарияланған мерзімді басылымдардың материалдары ұсынылған.
Барлық оқырмандарды кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

Құқықтық әліппе

«Книгочей» балалар клубының мүшелері үшін «Дружба» кітапхана-филиалында «Құқықтық әліппе» атты кітапханалық кинозал ұйымдастырылды. Кітапханашы Н. Маминаның «Безопасность на дороге», А. Усачевтің «Правила дорожного движения» кітаптарын ұсынды. Балалар жол қозғалысының ережелері не екенін және олардың не үшін қажет екенін айттып, «Смешарики» сериясынан «Құқықтық әліппе» мультфильмін тамашалады.

Туған өлкенің Қызыл кітабы

2024 жылғы 25 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК кітапханашылары «ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ студенттері үшін «Туған өлкенің Қызыл кітабы» атты экологиялық библио-саяхат өткізді.

Жас ұрпақ өкілдері Халықаралық Қызыл кітап пен Қазақстанның Қызыл кітабының пайда болу тарихын білді. Студенттерге Қостанай облысының аумағында мекендейтін жануарлардың Қызыл кітап түрлерінің тізімі ұсынылды. Кітапханашының әңгімесі электронды презентациямен сүйемелденді.

Іс-шара соңында жүргізуші жастарды табиғатты қорғауға және оны сақтау жөніндегі акцияларға белсенді қатысуға шақырды.

Атақты есімдердің шоқжұлдыздары

2024 жылғы 24 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Атақты есімдердің шоқжұлдыздары» атты өлкетану сағатын ұйымдастырды.
Кітапханашылар біздің өлкемізді дәріптеген жерлестеріміздің еңбегі туралы айтып берді. Олар Социалистік Еңбек Ері тракторшы Кәмшат Доненбаева, механизатор Жансұлтан Демеев, агроном Вера Сидорова, байланысшы Бизад Жиенғазина және басқалар.
Сонымен қатар «Еңбек жолы» аймақты конкурсы және номинациялар бойынша конкурс жеңімпаздары туралы айтылды.
Шақырылған қонақтар: «Қостанай облысы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау комитеті, реттеу және бақылау департаменті» РММ маманы Шыңғысбек Сұлтанбекұлы Сұлтанбеков, жоғары санатты дәрігер Б. Искужинова, ҚР Суретшілер одағының құрметті мүшесі өнертанушы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі Сая Нұрлыбайқызы Калинова.
Оқырмандар Ғ. Қайырбеков, Ф. Оңғасарова, А. Суслова, Н. Ковтунның өлеңдерін оқыды. Бейне және презентация көрсетілді. Іс-шара соңында «Әр мамандық – даңқ пен абырой» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Қазақстанда еңбекқорлық пен кәсіпқойлықтың құндылықтары бірінші орында, ал «еңбек адамы» жоғары мәртебеге ие болуы керек.

Еңбек күні. Мамандықтар әлемі

24 қыркүйекте «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 23 орта мектептің жоғары сынып оқушылары үшін еңбек ардагермен «Еңбек күні. Мамандықтар әлемі» атты кездесу өткізді.
Кітапханашы балаларға Еңбек күні Қазақстанда 2014 жылдан бері қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетінін айтты. Іс-шараға өзінің сүйікті ісіне өмірін арнаған, Қостанай тоқыма фабрикасының жіп иірушілігінің еңбек ардагері Галина Петровна Бакуменко шақырылды. Галина Петровна өзінің еңбек жолы мен марапаттары туралы айтып, өз кәсіпорнының өнімдерін иірілген жіп пен маталарды көрсетті.
Балалар ардагерді ықыласпен тыңдап, сұрақтар қойды. 2000-шы жылдардың басында туылған балалар, 31 жыл (1968-1999 ж.) жұмыс істеген зауытымыз туралы білуге қызығушылық танытты.