«Южный» кітапхана-филиалында «Сыбайлас жемқорлық желісінде» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Тақырыптық сөреде Миржан Қадырбаевтың «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз» мақаласы, классикалық жазушылардың әдептілік пен адалдыққа, түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс мінез-құлыққа тәрбиелеуге ықпал ететін – А. Құнанбаевтың «Қара сөздер», Н. В. Гогольдің «Ревизор» шығармалары ұсынылды.
Сіздерді тақырыптық сөредегі материалдармен танысуға шақырамыз.
Month: September 2024
Үш аю
2024 жылдың 20 қыркүйекте «Узкоколейный» кітапхана-филиалының № 25 мектептің мектепке дейінгі дайындық сыныбының балаларымен «Книгочей» әдеби үйірмесінің кезекті отырысы өтті. Балалар «Үш аю» ертегісін тыңдап, ертегі кейіпкерлерін суреттеп, мәтін бойынша сұрақтарға жауап берді.
Біз жыл бойы кітап оқимыз
20 қыркүйекте «Узкоколейный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №25 орта мектептің 1-сынып оқушылары үшін Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабының бенефисін өткізді. Кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның көптеген шығармаларының өмірбаяндық екендігіне назар аударды. «Менің атым Қожа» кітабымен таныстырып, шығармадан үзінді оқыды.
Шараға «Жыл бойы кітап оқимыз» атты кітап көрмесі дайындалды.
Көңілді тышқан
«Дружба» кітапханасында «Книгочей» балалар клубының мүшелеріне «Күлкілі тышқан» шығармашылық шеберлік сыныбы өткізілді. Кітапханашы балаларға қолөнер жасауда пайдалануға болатын табиғи материалдардың алуан түрлілігі туралы айтып берді. Содан кейін барлығы ынтамен күлкілі тышқан жасап, оған емен жаңғақтары, жаңғақтың қалпақшалары, үйеңкі мен қарағайдың тұқымдары, шырша, жапырақтар, қарағай инелері қажет болды.
Оралхан Бөкей – төр Алтайдың асылы
2024 жылғы 20 қыркүйекте 6697 әскери бөлімінің жеке құрамымен драматург Оралхан Бөкейдің 81 жылдығына орай «Оралхан Бөкей – төр Алтайдың асылы» атты ауызша журнал өткізілді. Жеке құрамға аңыз адамның өмірі мен шығармашылығы, кітап көрмесі таныстырылып, бейнебаян көрсетілді. Сарбаздар аңыз адам туралы сұрақтар қойып, жауап алынды.
Латын әліпбиіне жол
«Южный» кітапхана-филиалында М. Хәкімжанова ат. № 20 орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушылары үшін «Латын әліпбиіне жол» атты пікірлер тоғысуы өткізілді.
Шақырылған қонақ – «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Тұрымжанова Әсемгүл Шопырқызы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы және осы процестің ерекшеліктері туралы ақпаратпен бөлісті. Оқушылар диспут барысында кириллицадан латын графикасына көшу мәселесіне өз пікірлерін білдіріп, осы өзгерістің оң және теріс жақтарын қарастырды.
Іс-шара соңында «Латын әліпбиі – заман талабы» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Ұлттық ою-өрнек түрлерін жасау
20 қыркүйекте «Западный» кітапхана-филиалында «Шебердің қолы ортақ» үйірмесінің қатысушылары үшін «Ұлттық ою-өрнек түрлерін жасау» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Кітапханашы ою-өрнек қазақтың бұрынан келе жатқан қол өнері екенін және оның қандай түрлері болатынын айтып өтті. Балалар С. Төленбаев, М. Өмірбекованың «Қазақтың ою-өрнектері» және «Қазақтың ою-өрнектерінің жасалу жолдары» кітаптарындағы ою-өрнек түрлерімен, жолдарымен танысып, өз қолдарымен қағаздан әр түрлі ою түрлерін жасады.
Адамдарға қамқорлық пен қарау
ҚР Президентінің Қ.-Ж. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының басымдықтарын насихаттау мақсатымен «Дорожный» кітапхана-филиалында келушілердің назарына «Адамдарға қамқорлықпен пен қарау» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жолдаудан басқа көрмеде маңызды құжат туралы жұртшылық пен мемлекет қайраткерлерінің пікірлері ұсынылған.
Кітап көрмесінде ел Тәуелсіздігінің кезең-кезеңімен қалыптасу тарихына, Қазақстанның экономика, сыртқы саясат, ғылым, мәдениет және білім саласындағы жетістіктеріне арналған кітаптар ұсынылған. Көрмеде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Жолдаудан басқа, маңызды құжат туралы жұртшылық пен мемлекеттік қызметкерлердің ойлары ұсынылған. Қазақстанның Азия және Еуропа бағыттарындағы сыртқы саясаты, егемен Қазақстанның қарым-қатынасы туралы Қ.-Ж. Тоқаевтың «Сыртқы саясат векторлары» кітабына ерекше назар аударылады.
Барлық оқырмандарды тақырыптық сөремен танысуға шақырамыз.
Табиғатқа күзгі экскурсия
«Южный» кітапхана-филиалында «Табиғат достары» үйірмесінің қатысушыларына экологиялық тәрбие беру мақсатында «Табиғатқа күзгі экскурсия» шарасы өткізілді. Балалар жылдың ең әсем және көркем кезеңі, табиғаттағы күзгі өзгерістер туралы ақпарат алды. Жас зерттеушілер қоршаған әлемді бақылауды үйренді: жазғы және күзгі ағаштардың айырмашылықтарын анықтады, жапырақтардың әуенін тыңдады, жұмбақтарды шешті. Үйірме қатысушыларына табиғат туралы әдебиет қызық болды. Р. Сәтімбеков пен Р. Әлімқұловтың «Қызықты биология», А. Иващенконың «Сокровища растительного мира Казахстана» және басқа басылымдар табиғаттың таңғажайып әлемімен таныстырады. Жас натуралистер экскурсиядан риза болып, көп әсер алды.
Еңбек және құрмет
А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері № 18 мектеп-гимназиясының 9 «Д» сыныбындағы оқушылар үшін Қазақстан Республикасында Еңбек күніне арналған «Еңбек және құрмет» атты бейнепрезентация өткізді.
Іс-шараның басында кітапханашы Президент Қ.-Ж. Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланғанын атап өтті. Одан кейін ол әр түрлі мамандықтағы адамдар туралы, олар Костанай облысында ғана емес, Қазақстанның барлық жерінде еңбекқорлық, жауапкершілік және өзіне, өміріне шынайы және адал қатынасымен нағыз үлгі болатынын айтты. Өзінің ерен еңбегімен біздің өңірімізді Камшат Доненбаева, Нина Полтавец, Нариман Исмагулов, Сайран Буканов және тағы басқа көптеген адамдар даңққа бөлеген.
Іс-шара соңында кітапханашы «Еңбек – бақытқа апарар жол» тақырыптық сөресінде ұсынылған И. Дьячковтың «Наши звёздные и беззвёздные герои», «Қостанайлықтар – Еңбек Ерлері» және басқа кітаптармен таныстырды.